Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕКІ НЫСАН АШЫЛДЫ

5 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
ЕКІ НЫСАН АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Сұраншы батыр ауылында екі нысан пайдалануға берілді. Суықтөбенің етегіндегі елді мекен тұрғындарының қос бірдей қуанышына облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли, аудан әкімі Бағдат Әлиев ортақтасып, «Батыр бол» балабақшасы мен ауылдық Мәдениет үйінің лентасын қиды.

Ашылу салтанатында тұрғындарды Тәуелсіздіктің биылғы мерейтойлық жылымен құттықтаған Рустам Әли жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығын тойлау ел көлемінде басталып, мерейтойлық шаралардың Жетісу өңірінде жыл бойы жалғасатынынан хабардар етті. Бүгінде білім саласына үлкен көңіл мен қаражат бөлініп жатқанын, биылдың өзінде облыста 1500 орынды 7 мектеп салынатынын жеткізіп, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын ұйымдастырудағы жағымды жаңалықтармен бөлісті. «Балабақшамен қамтуда Алматы облысы республикада көш бастап, бұл көрсеткіш өңірде 98 пайызға жетті. Балабақшаларды жан басына шаққандағы қаржыландыруға биыл 36 миллиард теңге бөлінді. Енді екі жылдың ішінде жоғарыдағы көрсеткіш жүз пайызға жетеді деген сенімдеміз», – деді әкім орынбасары. 
Талап селолық округіндегі қатар жатқан екі ауыл – Сұраншы батыр мен Қастекте барлығы 3345 адам тұрады. Ауыл ақсақалы Бейсенбек Смағұлов әлемді жайлаған індетке қарамастан елімізде халықтың жағдайын жақсартуда игілікті істер атқарылып жатқанына ризашылығын білдіріп, ел болашағын тәрбиелеуге ауылдан балабақша ашылғаны үшін облыс басшысы Амандық Баталовқа және басқа азаматтарға округ тұрғындарының зор алғысын жеткізді. Серікбай Сабыров ата берген ақ батамен нысан лентасы қиылып, әжелер шашу шашып, қонақтар бөбекжай-балабақшамен танысып шықты. Екі қабатты, 90 орынды «Батыр бол» балабақшасы ғимаратына облыс әкімінің қолдауымен 245 миллион теңге қаржыға күрделі жөндеу жүргізілген. Музыкалық, дене шынықтыру залдары мен жұмыс бөлмелері, ойын және жатын бөлмелерінің барлығы қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Әдіскер, медбике, психолог сияқты мамандардың жеке кабинеттері бар. Қызметкерлердің  штат саны 36. Жаңа мекемеден жұмыс тапқандарына ауыл тұрғындары дән риза.
Алыс ауылдағы қос қуаныштың екіншісі – жаңадан бой көтерген Мәдениет үйі. «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында 261 миллион теңгеге салынған сәулетті ғимарат елді мекенге ерекше көрік беріп тұр. Жыр алыбының туған күнінде келушілерге есігін айқара ашқан рухани орталықтың құрылысы былтырғы сәуірдің соңында басталып, желтоқсан түгесілгенше аяқталыпты. 
Жайдарман сәтке жиналған топтың алдында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли былтыр Елбасының бастамасымен, Президенттің қолдауымен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылғанын атап өтті. «Сол үлкен бағдарлама арқылы облыста 105 миллиард теңгеге 1051 жоба іске асты. Оның екеуі осы Мәдениет үйі мен жаңағы балабақша, оған жарты миллиард теңге қаржы жұмсалды. Осындай бағдарлама әлі де жалғасын табады. Өздеріңіздей үлкен кісілердің батасы, орта буынның бірлігі, жастардың ынтымағы болса, бәрі болады», – деді ол.
Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ерболат Жамантаев 2100-дей тұрғыны бар елді мекенде жүзеге асырылған игіліктерге ризашылығын жеткізіп,  қария Әбен Ыдырысов бата берді. Мәдениет үйінде 8 штат ашылған. Үш үйірме жұмыс істейді. Алғашқы келушілер домбыра, қолөнер үйірмелерінің жұмысын көріп, 218 орынды көрермен залында өнерпаздардың ән-жырын тамашалады. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Сұраншы батыр ауылы, 
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін, 20:13
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін, 20:05
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.