Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЭКОЛОГИЯ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 152 ТҰЛҒАҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

5 ақпан 2021
КҮНДЕРЕК
ЭКОЛОГИЯ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 152 ТҰЛҒАҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Jetisu media» ақпараттық алаңында Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша құрылған Жол картасының орындалуына арналған брифинг өтті. Онда табиғатқа жауапсыз қараған 152 тұлғаға хаттама толтырылғаны белгілі болды. Облыс бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Данияр Құрманбеков пен аталмыш департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Ерасыл Бекежанов тақырыпты тарқатты.

Облыс бойынша экология департаменті былтыр Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын бақылау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге барлығы 36 тексеру жүргізген. Нәтижесінде, 240 экологиялық заңбұзушылық анықталды. Заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды, заңды және жеке тұлғаларға қатысты 152 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Атқарылған жұмысты толық баяндаған Данияр Карбозұлы:

— Жалпы сомасы 10 816 676 теңгені құрайтын 133 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 10 147 576 теңгеге 130 айыппұл ерікті түрде өндірілді. 265 100 теңгені құрайтын 1 айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілді. 138 900 теңге көлеміндегі 1 айыппұл сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіруге жолданды. 265 100 теңге көлеміндегі 1 айыппұл кассациялық тәртіппен сотқа жолданды, – деп нақты шараларға тоқталды.

Оның айтуынша, аймақтың экологиялық мәселелерін шешу жоспарына сәйкес елді мекендердегі коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі, жерді қашықтықтан зондтау (Геопортал) жүйесі арқылы анықталған заңсыз қоқыс үйінділерін жою көзделген. Сондай-ақ, «Сорбұлақ» көлінің (Алматы қаласы сарқынды су жинағышының) кері әсерін және экологиялық қатерін төмендету, Панфилов уран кен орнының радиоактивті үйінділерін жою, Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде, Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде және Қапшағай қаласының Заречное ауылында кәріз жүйелері мен тазарту құрылғыларының апатты жағдайы, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында орналасқан өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларын жою және консервациялау, Текелі қаласында орналасқан қалдық сақтауыштың кері әсерін жою туралы экологиялық мәселелер қолға алынған.

Баспасөз мәслихатында «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі — Адалдық алаңы» жобалық офисінің жұмыстары бойынша Ерасыл Баратұлы баяндады.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.