Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Экологиялық жағдай қалыпты

20 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Экологиялық жағдай қалыпты
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында өткен брифингте аймақтағы экологиялық мәселелерді шешу, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды реттеуге қатысты әңгіме өрбіді.

Облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Ерасыл Бекжановтың айтуынша, былтыр ластайтын заттар шығарындыларының көлемі 13,3 мың (жылдық лимит 45,1 мың), төгінділердің көлемі 5,1 мың (жылдық лимит 5,9 мың), қалдықтарды жинау 90,2 мың (жылдық лимит 237,7 мың) қалдықтарды көму 104,2  мың (жылдық лимит 5125,8 мың) тоннаны құрады. Демек, нәтижелі жұмыс атқарылды деуге дәлел жеткілікті. Осыншама жұмысты жүргізу және қоршаған ортаны қорғау шараларына жергілікті бюджеттен 65,0 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы 48 нысанға алдын ала жүргізілген бақылау барысында заң бұзушылықтар анықталып, барлығына нұсқама берілген және айыппұл салынған. Зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі 5 су нысанына тексеру жүргізіпті. Демек, облыстық департамент экологиялық ахуалды қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін барын салуда. 

Аймақта бүгінде 500-ден астам су объектісі бар, оның ішінде ұзындығы 50 шақырымнан асатын 100-ден астам өзен: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Қошқаркөл, Алтай, Рай көлдерін де жатқызуға болады. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, былтыр облыстағы 29 өзенге су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленіп, 31,5 млн. теңге игерілген. Биыл 29 су объектісіне, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жүргізіледі. 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Әділбаевтің айтуынша, облыста жыл сайын 220 мың тонна қалдық жиналады. Олар 182 (412 га.) уақытша жинау орны мен 7 (85 га.) полигонға тасылады. Тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығаруды 24 ұйым  жүзеге асырады.    

Бүгінде Алакөл, Қаратал және Талдықорған қалаларының полигондары экологиялық рұқсат алса, Ескелді, Кербұлақ, Көксу және Панфилов аудандарындағы полигондар экологиялық рұқсат алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа аудан, қалалардағы коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша «ГеоДатаПлюс» ЖШС 18,5 млн. теңге сомасына бағдарлама әзірлеген. Сондай-ақ, былтыр қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру үшін Үшарал, Сарқан қалалары үшін 2 полигон салуға және Текелі қаласындағы жабық полигонды рекультивациялауға 97,6 млн. теңге бөлініпті.

«Жасыл Даму» АҚ-ға қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы 3 инфрақұрылымдық жоба (Көксу, Панфилов ауданы және Талдықорған қаласы) бойынша жалпы кредиттеу сомасы 2,1 млрд. теңгеге өтінімдер берілген. Текелі қаласы, Ескелді және Көксу аудандарын қамтитын Талдықорған кешенді алаңын (полигон) құру жоспарлануда. Бұл жүзеге асқанда полигонда қалдықтардың жиналуы жылына 60 мыңнан 110 мың тоннаға дейін артатын болады. Дегенмен, тұрғындар өз бетімен қоқыс төгіп кететін жағдай жиі кездеседі. Сол үшін «Ғарыш Сапары» атты мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде, былтыр 243 орын анықталып, толығымен жойылған.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына 251 мыңнан астам адам қатысып, 12,8 мың тонна қоқыс шығарылып, 2465 шақырым арық желісі тазаланып, 57,2 мың м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Қажет АНДАС
Фото: ecolog-ua.com
 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.