Талдықорған: +31°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел қорғау – қасиетті парыз

02.07.2026
КҮНДЕРЕК
Ел қорғау – қасиетті парыз

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа Ата Заңымыздың заңды күшіне енуі бүкіл еліміз көлеміндегі жарқын жаңалыққа айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткеніндей, осылайша ел дамуының мүлдем жаңа дәуіріне қадам бастық. Саяси-экономикалық реформалар мен ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына қарай жасаған бұл қадамымыздың сәтті болатынына еш күмән жоқ. Күнделікті өмірімізде біртіндеп орын алып жатқан оң өзгерістер де келер күнге деген сенімімізді барынша нығайта түседі.

Мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттырып, азаматтардың ел басқаруына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа Конституцияда Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, унитарлық мемлекеттік құрылысы мен аумақтық тұтастығы принциптері тайға таңба басқандай айқын жазылған. Бұл бүкіл Қазақстан халқы үшін мәңгілік мызғымас қағидаттар қатарында. Оны Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз бұл Негізгі заңды ерекше тарихи және геосаяси сын-қатерлер жағдайында қабылдадық. Ол халқымыздың жасампаз рухының символына айналды. Сондықтан оны «Әділетті, Күшті, Прогрессивті және Алдыңғы қатарлы Қазақстанның басты құжаты» деп атауға толық негіз бар. Негізгі заңның басты мақсаты – елдің тәуелсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау» деген тұжырымы да айқындай түседі.

Өз кезегінде реформаларды сапалы жүзеге асыру кезеңінің қауырт бастау алғанын да атамай болмайды. Осы мәселе бойынша өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мұндай реформаларды жүзеге асырудың басым бағыттарын нақтылап берді. Халықтың әл-ауқатын арттырып, инфляцияны тежеу, отандық өндірісті қолдап, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуді мақсат еткен мұндай басым бағыттар бойынша жүзеге асатын жұмыстар алдағы уақытта барынша жандана түспек.

Осы жерде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа отаншылдық, патриоттық тәрбие беру мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Мұның өзі жаңа Конституцияда айтылған «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті», «Әр адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деген тұжырымдармен тығыз үйлеседі.

Әділдігіне көшетін болсақ, күні бүгінге дейін нақ осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілді де. Оны балабақшаға барып жүрген бүлдіршіндеріміздің Мемлекеттік Әнұран сазын естіген бойда қолдарын жүректеріне қойып тұра қалатындарынан, қосыла шырқауға тырысатындарынан да байқауға болады. Мемлекеттік Елтаңбаны көрген бойда «Қазақстан!», «Қазақстан!» деп қуанып кететіндіктері де бұл орайдағы жұмыстардың балалар бақшаларында белгілі бір дәрежеде жүргізілетіндігін айғақтайды.

Өз кезегінде мұндай жұмыстардың мектептерде де атқарылатындығы белгілі. Бұл жердегі айтпағымыз – мектептерде патриоттық тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстарды жандандыра түсу қажеттігі. Олай дейтініміз – кейбір шаралар тұсында мектепке бас сұққанда, нақтырақ айтатын болсақ Әнұран орындалғанда жекелеген оқушылардың мемлекеттік рәміздерге лайықты құрмет көрсетпейтіндерін байқап қаламыз. Мұның өзі мұғалімдердің өздеріне де құпия жайт емес шығар деп ойлаймыз. Осыдан келіп жас ұрпақтың бойына мемлекеттік рәміздерге деген лайықты құрметті қалыптастырып, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу жайына бұрынғыдан да көбірек көңіл бөлу қажет пе деген ой туындайды.

Бұл тұжырым Қазақ елінің атынан сынға түсетін спортшыларымызға да қатысты. Рас, олардың қай-қайсысы да Әнұран сазымен таныс, жеңіс тұғырына көтерілгенде көпшілігі Әнұран әуеніне қосылып та тұрады. Жарысты ұйымдастырушылар жаңылысып бұрынғы Әнұран сазын қойғанда спортшыларымыздың өздері қазіргі Әнұранды қосыла шырқап, қателікті түзеткен оқиғалары да қуантпай қоймайды. Дегенмен спортшылардың бойларына да Әнұран сазын барынша сіңіріп, оларға әсіресе Мемлекеттік Туды қалай қастерлеу керектігін қайталап үйрете берген артық болмайды.

Мақала дайындалып жатқанда биылғы оқу жылынан бастап мектептерде «Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік» аталатын міндетті пәндердің енгізілетіндігі жайындағы жаңалықты көзім шалып қалды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова атап өткендей, жаңартылған білім мазмұны ең алдымен тұлғаны жан-жақты дамытып, азаматтық жауапкершілікті дамытуға, құқықтық сананы нығайтуға бағытталмақ. Осылайша білім беру жүйесіне жаңа Конституцияның негізгі идеялары мен құндылықтары толықтай енгізілмек.

Жас ұрпаққа патриоттық, отаншылдық тәрбие беру мен Отан қорғау ұғымдарының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ деуге болады. Халқымызда ежелден қасиетті саналатын туған жерге, өскен елге деген махаббат дүрбелең дүниеде қажеттілік туа қалған жағдайда Отан қорғау мәселесінде де шешуші рөл атқарады. Жаңа Конституцияда бұл жайт та шешімін тауып «Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңда белгіленген түрде және көзделген тәртіппен өткереді» деп тайға таңба басқандай жазылған.

Бұл жердегі мәселе желкілдеп өсіп келе жатқан жастарымыздың осы қызметті қалай өтейтіндігінде. Әскери қызметті өмірлеріне серік еткен замандастарымыздың өз міндеттерін абыроймен атқарып жүргендеріне шүбә жоқ. Бұл тұжырымды мерзімді әскери қызметке шақырылған жастардың басым бөлігіне қарата айтуға болады. Дегенмен жекелеген жасөспірімдердің мұндай қасиетті парыздарын өтеуден жалтарып, әскер қатарына мүмкіндігінше бармауға тырысатындықтары да жасырын жайт емес. Міне, нақ осы бағыттағы тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарын күшейте түсу қажет деп ойлаймыз. Бұл орайда әсіресе ауылдық, аудандық ақсақалдар, ардагерлер кеңесінің, аналар ұйымдарының рөлі айрықшалана түседі.

Бұрындары, жалпыға бірдей әскери қызмет міндетті болған кездері әскер қатарына әлдебір себеппен алынбай қалсақ кәдімгідей намыс саналатын еді. Өз кезегінде әскер қатарынан оралған жігіттер «Азаматтық борышымызды өтеп келдік» деп мақтанышпен кеуде керіп жүретін.

Ол Кеңестер одағының кезі болатын. Орайы келген сәтте айта кетейік, қай жерде, қандай әскери бөлімде қызмет етпесін, Қазақстаннан барған азаматтардың еңселері биік, мерейлері үстем болып жүретін. Ата-бабаларымыздан мұра болған ерлік дәстүрі, қанмен берілген батырлық пен батылдықтың ұшқыны ондай сәттерде көрініс бермей қоймайтын. Сол ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолымыз жеткен тұста егемен елімізге қорған болудың асқан мәртебе екенін жастарымызға тереңнен ұғындыратын кез жетті.

Осы жерде тәлімі мол мына бір оқиға жайында айтып өтпей болмайды. Немересі барлық іріктеуден өтіп арнайы жасақ қатарына ілінгелі тұрғанда атасына жоғары шенді офицерлердің бірі телефон шалады. Немересі арнайы бөлім қатарына алынар болса оны алдағы уақытта қандай қауіп-қатерлер күтуі мүмкін екендігі ескертіліп, «Сондай сынаққа дайынсыздар ма?» дегендей сұрақ төтесінен қойылады.

Әрине, кез келген әке-шеше мен ата-әже жанынан артық көретін ұлы мен немересінің басын қауіп-қатерге тігу тәуекеліне бара бермейді. Бұл жерде мені танысымның жаңағыдай төте сұраққа қайтарған жауабы таңғалдырды. «Ондай тәуекелге әйтеуір біреудің баруы керек болса, өзін азаматпын деп жүрген менің немерем неге бармайды деп ойлайсыз? Қандай сынаққа болсын дайынбыз!», – деген еді ол.

Патриотизм дегеніміз қажет болған жағдайда амбразураны кеудемен жабу ғана емес, осындай қажеттілікке де тәуекел ету деп білсек, жаңағы танысымыздың шешімін де отаншылдық қасиетке баладық. Ондай атаның тәлім-тәрбиесін көріп өскен ұлдың да ел қорғанына айналатын ұлдардың қатарынан табылатыны айдан анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек. Баршамыз бірге күш жұмылдырсақ, ата-аналар әскери саланы таңдаған ұл-қыздарын мақтан тұтатындай жағдайға жететінімізге сенімдімін. Басқаша айтқанда, Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді», – деген тұжырымы да бұл сенімімізді бекемдей түседі.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, жаңа Конституциямыз заңды күшіне еніп, мемлекетіміздің негізгі қағидаттарының қатарына егемендікті қорғау мен ұлттық бірлікті нығайту, халқымыздың әл-ауқатын арттыру сияқты қаншама маңызды жайттар енгізіліп отыр. Саяси, экономикалық дамуымыздың жаңа дәуірінде мұндай жоғары мақсаттарымыздың толықтай жүзеге асатыны ешқандай күмән тудырмайды.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстанның Құрметті жазушысы 

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.