Талдықорған: +21°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕЛБАСЫ: «ӘКЕММЕН ЖҮРГЕНІМ ЕСКЕ ТҮССЕ, ШАРШАҒАНЫМ ҰМЫТЫЛАДЫ»

02.04.2019
КҮНДЕРЕК
ЕЛБАСЫ: "ӘКЕММЕН ЖҮРГЕНІМ ЕСКЕ ТҮССЕ, ШАРШАҒАНЫМ ҰМЫТЫЛАДЫ"
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Жетісу жеріне келді. Оны Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылындағы жерлестері үлкен сый-құрметпен қарсы алды. Сапар барысында Елбасы Қарасай аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысып, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының алдында тұрғындармен кездесті.

Елбасы Қарасай ауданына жасаған сапарында өзінің Шамалғаннан түлеп ұшқан сәтін есіне түсірді.

— 1958 жылы осы Шамалғаннан шетке кетіп, 20 жылдан соң Алматыға қайтып келдім. Кішкентайымнан осы жерде өстім. Ата-бабамыз Қаратаудың баурайында, ағайын-туған, құда-жекжат барлығы осы Шамалғанда. Жастар әлі біле бермейді. Ауылыңа келгенде жастық шақ еске түседі. Мемлекетті аяғынан нық тұрғызу үшін қанша қиын-қыстау уақыттардан өттім. Тауда, сай-сайларда әкеммен жүргенім еске түскен кезде барлық шаршағаным ұмытылғандай болады. Сондықтан, адамның кіндік кескен жері ыстық. Адам туған жерін сүю арқылы патриот болады, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге, сыныптастарымен, ауылдастарымен кездесіп, ауылдың өсіп-өркендеуі жайлы сыр шертісті. Жасы сексеннен асқан Құлахмет Шәріпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бала кезде қандай болғаны туралы айтты. «1944 жылы біз осы ауылға көшіп келдік. Бір қарт кісімен бірге тұрдық. Мектепке Елбасымен бірге оқып, бірге ойнадық. Шамалған өзенінде мұз қатқанда конькимен сырғанақ теуіп, асық ойнайтынбыз. Ауылдағы ақсақалдарымыз ылғи Нұрсұлтанды көргенде оның үлкен азамат болатынын болжайтын. Шынымен де солай болды. Біз оны мақтан тұтамыз. Менің жасым 82-де, зейнетақым бар алып жатқан. Балаларым жұмыс істеп, өсіп келе жатыр»,- деді жерлесі.

Шамалған ауылында халықпен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек туралы әңгіме өрбітті.

— Көпбалалы аналарға, тұрмысы нашар адамдарға көмек жасалып жатыр. Ең төменгі жалақы жыл басынан 1,5 есе көбейтіледі. 1 сәуірден бастап көпбалалы аналарға, әр балаға, табысы төмендерге көмек беріліп жатыр. Бірақ мемлекеттен бере бер деп отырмай, жұмыс істеу керек. Қай қазақ баланы туғызып, көршісіне асыра деп берген? Еркек адамның баланы туғыздым, өзім асыраймын, жеткіземін деген намысы болуы керек. Дүниежүзінде солай. Бала-шағасын асырау адамның өз басындағы міндеті. Бізді аналарымыз солай асырады. Біз де солай өскен адамбыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

— Қазақстанның болашағы зор. Елімізде жастардың оқуына, тіл үйренуіне толық жағдай жасалып жатыр. Болашағымыз білім мен ғылымда. Сіздер ауылдың адамдарысыздар. Ауыл үшін талай бағдарлама жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарына шағын несиелер ұсынылып, жұмыс істеймін дегендерге, мамандығы жоқтарға заманға сай мамандық игеруге мүмкіндік берілген. Қазір мәселе жұмыссыздықта емес, мамандықты дұрыс игермеуде жатыр. Мамандығы бар адам жұмысты кез келген жерден таба алады, — деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Бұдан бөлек, Тұңғыш Президент қазіргі күні мемлекеттің жағдайы жақсы екенін, индустриялық, ауыл шаруашылығы салалары дамып жатқанын атап өтті.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.