Талдықорған: +20°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Чемпион болғым келеді

31 наурыз 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Чемпион болғым келеді
WhatsAppTelegramFacebook

Мен таэквондо спортымен айналысамын. Бұл спорт өмірімнің ажырамас бір бөлігіне айналды. Алғашында ата-анам осы үйірмеге өзімді қорғай білсін деген ниетпен алып келген еді. Сол кезде бұл спорттың мен үшін қаншалықты маңызды болатынын әлі түсінбеген болатынмын.

Алғашқы жаттығулар оңай болған жоқ. Әр қимылды дұрыс істеу, тәртіпке бағыну, шыдамдылық таныту – бәрі де үлкен еңбекті талап етті. Бірақ уақыт өте келе таэквондоға деген қызығушылығымның артқанын сездім. Әр жаттығу мені шыңдап, өзіме деген сенімділігімді күшейтті.

Алғашқы жарысым әлі күнге дейін есімде. Таэквондомен айналысқаныма бір жыл да толмаған еді. Соған қарамастан жарысқа қатысып, ІІІ орын алдым. Сол жүлде мен үшін ерекше қымбат болды. Мен оны алтын медальмен тең көрдім. Өйткені ол – ең алғашқы жеңісім, ең алғашқы жетістігім еді. Содан кейін алдыма үлкен мақсат қойдым. Әрдайым жеңімпаз болуды көкседім. Сондықтан жаттығуға бұрынғыдан да көп көңіл бөле бастадым. Әр жарыс мен үшін үлкен тәжірибе. Кейде жеңемін, кейде жеңілемін, бірақ ешқашан берілмеймін.

Қазір таэквондо арқылы өзімді шыңдап келемін. Бұл спорт маған тек күш пен жылдамдықты ғана емес, сабырлылықты, тәртіпті, батылдықты үйретті. Ең басты арманым – болашақта үлкен жарыстарда жеңіске жетіп, елімнің намысын қорғау, Қазақстанның Көк Туын биікке көтеріп, чемпион атану.

Аманкелді ДӘРУБАЙ,
6-сынып оқушысы

Қатысты жаңалықтар

Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.