Талдықорған: +14°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды

16 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК
Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды. Оған әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларын құрайтын турнирді PGL Esports SRL ұйымдастырды. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысуда, олардың арасында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар. Шақырылған қонақтардың арасында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо бар. Турнир Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.

Сарапшылар әлемдік аудиторияның киберспортқа деген қызығушылығының артуы аясында Қазақстанда мұндай ірі жарыстарды өткізу Астананың шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыратынын атап өтті.

Елордаға Мәскеуден арнайы ұшып келген көрермендердің бірі Александр Белобух турнирдің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

– Мен Астанаға алғаш рет келіп тұрмын. Қазір аң-таң күйде отырмын Әсіресе, жастардың киберспортқа деген зор қызығушылығы қуантады. Бұл көп жағдайда Қазақстанда қазір бразилиялық FURIA Esports клубында ойнайтын Даниил Голубенко сияқты мықты ойыншының болуымен байланысты болса керек. Шыны керек, ол жастардың нағыз кумирі және оған әбден лайықты. Голубенко сапалы ойын көрсетіп, Қазақстанның намысын әлемдік аренада лайықты қорғап жүр. Туризмді дамыту тұрғысынан бұл елдің өз брендін қалай дамытып, уақытпен бірге келе жатқанын көрсететін тамаша үлгі, – деп атап өтті Александр Белобух.

Спорт шолушысы және сарапшы Нұрболат Жомарт отандастарымыздың киберспортты дамытуға белсенді араласуын ескере отырып, Қазақстанда мұндай іс-шараларды өткізуді заңдылық деп санайды.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын PGL Астанада турнир өткізеді дегенге сену қиын еді. Алайда ұйымдастырушылар ТМД елдерінде Counter-Strike 2 өте танымал екенін және мұнда да үздік ойыншылардың бар екенін көріп отыр. Солардың бірі – mo0N лақап атымен танымал Абдурахим Иса. Ол өте мықты киберспортшы және оның командасы финалға жете алады деп сенгім келеді. Даниил Голубенко қазірдің өзінде тәжірибелі ойыншы, ал турнир иесі ретіндегі трибунадағы жанкүйерлерінің қолдауы маңызды рөл атқаруы мүмкін. Соған қарамастан, турнирдегі бәсекелестік өте жоғары, әсіресе Team Spirit тарапынан, – деп баса айтты сарапшы.

Турнирге қатысушылар да PGL Astana 2026 өткізу оқиғалық туризмді дамытуға ықпал ететінін және Астананың ірі киберспорттық іс-шараларды өткізуге арналған халықаралық алаң ретіндегі позициясын нығайтатынын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

54 түрлі өнім ұсынылды

54 түрлі өнім ұсынылды

Бүгін, 10:43
Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.