Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Енді әкімшілік тәртіп бұзушылықтарға автоматты түрде айыппұл салынады

26 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Енді әкімшілік тәртіп бұзушылықтарға автоматты түрде айыппұл салынады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда бұдан былай айыппұл тек жол ережесін бұзған жүргізушілерге ғана емес, кез келген әкімшілік құқық бұзушылық үшін автоматты түрде жазылмақ, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Биылғы 12-наурыздан бастап елімізде автоматты айыппұлдардың қолдану аясы айтарлықтай кеңейеді. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұған дейін цифрлық тіркеу тек жылдамдық асырған немесе бағдаршамның қызыл түсіне өткендерге қатысты болса, енді ақылды жүйелер кез келген заңсыз әрекетті анықтап, айыппұлды дереу рәсімдейді.

Әкімшілік кодекстің 31-бабына сай, цифрлық технологиялар арқылы анықталған құқық бұзушылықтар бойынша арнайы хаттама толтырудың қажеті болмайды. Барлық деректер әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрімен интеграцияланған жүйелер арқылы өңделіп, тікелей айыппұл салуға негіз болады.

Енді «автоматты режим» – камералар, дрондар мен ақылды жүйелер азаматтардың күнделікті тұрмыстағы әрекеттерін де қадағалай алады. Мәселен, адам белгіленбеген жерге қоқыс тастаса немесе аялдамада шылым шексе, жүйе оның жеке басын анықтап, айыппұлды жібереді.

Қандай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салынуы мүмкін:

  • Көшеде қоқыс немесе темекі тұқылын тастау (2026-жылы айыппұл көлемі 43 250 теңге);
  • Темекіні тыйым салынған қоғамдық орындарда шегу;
  • Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту;
  • Заңсыз сауда жасау немесе алкогольді рұқсат етілмеген уақытта сату.

Бұл жаңашылдық «Сергек» секілді бақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін арттырады. Бұрын видеожазбалар тек дәлел ретінде қолданылса, енді олар айыппұлды автоматты түрде кесуге толық құқық береді.

Мұндай жүйе әлемдік тәжірибеде, атап айтқанда Қытай мен Сингапурде кеңінен қолданылады. Онда бет-әлпетті тану технологиясы мен роботтар қоғамдық тәртіптің сақталуын мүлтіксіз қадағалайды. Қазақстан да цифрландыру арқылы көшелердегі тазалық пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.