Елімізде 12 наурыздан бастап жолдағы камералар жаңа заңбұзушылықтарды тіркей бастады, алғашқы айдың қорытындысы жарияланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
ІІМ мәліметінше, жүйе іске қосылған сәттен бастап келесі заңбұзушылықтар анықталған:
- 5 мыңнан аса сақтандыру полисінің жоқтығы;
- 5,5 мыңнан аса техникалық байқаудан өтпеу жағдайы;
- қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 700-ге жуық ереже бұзу дерегі;
- сондай-ақ көлік тізгінінде ұялы телефон пайдаланудың 6 дерегі.
– Жүйенің мақсаты жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін түсіну маңызды. Азаматтардан заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарауды: сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеруді, техникалық байқаудан уақтылы өтуді және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз, – деді ІІМ өкілдері.





