Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Есірткі есіртпесін

6 қыркүйек 2026
КҮНДЕРЕК
Есірткі есіртпесін
WhatsAppTelegramFacebook

Есірткі – елдің ертеңіне, ұлттың саулығына сызат түсіретін кесел. Оның зардабы бір адамның тағдырымен шектелмей, тұтас қоғамның келбетіне көлеңке түсіреді. Әсіресе, арам пиғылын пайдаға балағандардың тыйым салынған заттарды жасырын жолмен таратуы жас буынның болашағына қатер төндіреді. Сондықтан есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – күллі қоғамның ортақ міндеті.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде облыс полицейлері есірткінің ірі партиясының әрі қарай таралуына тосқауыл қойды. Көксу ауданында жүргізілген жедел іс-шара барысында 19 жастағы азамат қолға түсті.

Оқиға Балпық би ауылында болған. Жедел ақпаратты тексеру кезінде тәртіп сақшылары жанармай құю бекеттерінің бірінің маңында «Daewoo» автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінде көршілес өңірдің 19 жастағы тұрғыны отырған.

Тексеру барысында «темір тұлпардың» салонынан скотчпен мұқият оралған күмәнді бума табылды. Оның ішінен одан әрі өткізуге әзірленген ұнтақ тәрізді зат салынған 310 орама шыққан. Сараптамалық зерттеу нәтижесінде тәркіленген заттардың құрамынан психотроптық және есірткі құралдары анықталған. Атап айтқанда, 65 грамнан астам мефедрон, 79 грамнан астам α-PVP және 17 грамға жуық гашиш тәркіленді. Бұл – бір жерден екінші жерге жеткізіліп, одан әрі тұтынушыларға таратылуы мүмкін болған едәуір көлемдегі тыйым салынған зат. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қауіпті жүктің жолы дер кезінде кесілді.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында есірткі мен психо- троптық заттардың қайдан келгені, қандай жолмен жеткізілгені және кімдерге бағытталғаны анықталмақ.

Заңсыз айналымның тамырына балта шабу – есірткі қылмысының алдын алудағы маңызды міндеттің бірі. Осы ретте облыстық полиция департаменті қызметкерлері өңір аумағында тыйым салынған заттарды тасымалдау, сақтау және өткізу деректерін анықтау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Есірткімен күрес тек қылмысты ашумен шектелмей, оның алдын алуды, жастардың санасына сергектік пен жауапкершілік ұғымдарын орнықтыруды талап етеді. Себебі бір сәттік пайдаға қызыққан әрекеттің соңы адам тағдырына орны толмас өкініш әкелуі мүмкін.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00
Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.