Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЭТНОСАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТІҢ АЛДЫН АЛУ: ҮШ КҮНДІК СЕМИНАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ

16 қаңтар 2021
КҮНДЕРЕК
ЭТНОСАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТІҢ АЛДЫН АЛУ: ҮШ КҮНДІК СЕМИНАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Этно-мәдени бірлестіктер, аналар кеңесі, медиация, жастар мен мәдени құрылым төрағаларымен этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу, диалог алаңын құру мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастырушылары облысымыздың аудандары мен қалаларында этносаралық қатынастар саласындағы жұмысқа тартылған мамандардың біліктілігін арттыру үшін үш күндік семинар-кеңес өткізді.

Бұл туралы «Жетісу» газеті «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова жүргізді. Ол аудиторияны еркін форматта сөйлесуге шақырды. Талқылау үшін таңдалған тақырыптар өзекті болды. Ол айтылған сұрақтар мен ұсыныстардан-ақ байқалды.

Барлық қатысушылар ортақ тақырыпқа қатысты ой-пікірлерімен, көзқарастарымен, аргументтерімен алмасты. Көп жағдайда барлығы орналасатын орындардың жоқтығы, штат пен материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі мәселе қозғады. Сондай-ақ, кездесу барысында көптеген мәселелер көтерілді. Оның ішінде, этнос өкілдерінің қатысуымен тұрмыстық жанжалдар, криминалдық жағдайлар орын алғаны да әңгіме өзегіне айналды.

Шара барысында әр түрлі тақырыптарда секциялық жұмыс ұйымдастырылды. Әр секция күн сайын аудандарда кездесетін нақты жағдайларды талдады. Әлеуметтік бастамаларды қолдау және медиация қызметінің басшысы Жансұлу Башенова мен қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Айымжан Тәңірбергенова барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

І.Жансүгіров атындағы ЖУ (Жетісу университеті) музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Аида Үсенова көпмәдениетті білім беру ортасы жағдайында студент жастардың этносаралық толеранттылығын қалыптастыру тақырыбында баяндама жасады. Дін басқармасының өкілі Айбек Бабатай конфессияаралық келісімді қалыптастыру туралы айтты. Ол әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істейтін, күн сайын өз қатарына жаңа жақтаушыларды (адептерді) тартатын жекелеген діни ағымдарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, көшпелі іс-шара барысында этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторингілеу қызметі ықтимал жанжалды жағдайлар мен этносаралық шиеленістің болуы тұрғысынан аудандардағы қоғамдық көңіл-күйге әлеуметтік мониторинг жүргізді.

Дәл осындай тақырыптағы көшпелі семинар Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Талғар аудандарында да жалғасын тапты.

Қорытындылай келе, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова барлық айтылған өтініштер мен ұсыныстарды бақылауға алуға уәде берді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.