Талдықорған: +10°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден озды

16 сәуір 2026
КҮНДЕРЕК
Халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден озды

Фото: t.me/madenietaqparat

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның Халық әртісі, танымал театр режиссері әрі ұлағатты ұстаз Есмұхан Обаев дүниеден озды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада Есмұхан Несіпбайұлының ұлттық мәдениетті ілгерілетудегі өлшеусіз еңбегі ерекше атап өтілді. Ведомство таратқан мәлімдемеде:

«Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерін дамытуға, сахна мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің іргетасын нығайтуға арнаған көрнекті тұлға еді», – деп көрсетілген.

Министрлік өкілдері оның шығармашылық мұрасы мен мәдениетке қосқан қомақты үлесі халық жадында мәңгі сақталатынын ерекше атап өтті.

Есмұхан Обаев 1941 жылғы 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын Халық әртісі Асқар Тоқпановтың класы бойынша тәмамдаған. Оның кәсіби жолы сан қырлы белестерден тұрады. Режиссерлік қызметін Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында бастап, Мәскеудегі МХАТ театрында тағылымдамадан өткен. Кейіннен Семейдегі Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері қызметтерін атқарып, аймақтағы театр өнерінің өркендеуіне зор ықпал етті.

Тұлғаның басқарушылық қабілеті де жоғары деңгейде болды. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемсурет институтының ректоры, Қазақстанның Мәдениет министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған. Ал 2001-2013 жылдар аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын басқарып, қара шаңырақтың репертуарын жаңа белестерге көтерді. Оның шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі театрларда жемісті еңбек етіп жүр.

Оның еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланып, «Парасат», «Барыс» ордендерімен марапатталған, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанған. Есмұхан Обаев сахналаған «Абай», «Қарагөз», «Айман – Шолпан», «Ревизор», «Шыңырау түбінде» және «Асауға тұсау» сияқты ондаған қойылымдар қазақ театрының алтын қорына енді. Ұлттық режиссураның мектебін қалыптастырған бірегей тұлғаның қазасы бүкіл қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Бүгін, 17:33
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Бүгін, 17:28
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Бүгін, 17:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.