Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Иір-қиыр жол

84-ті аяқтап, 85 жасқа қарай жылжып келемін. Көзді жұмып, көкірекпен шолу жасайтын шақтамын. Бұл ғұмырда қуаныш та, қорқыныш та, қауіп-қатерлер де кездесіпті. Пендешілік кедергілер де болыпты. Замана зардабының да дәмін татыппын. Әйтеуір, жүрегі нұрлы жақсы адамдардың арқасында көп жасап, көңіл тоғайтыппын. Демек, аспаннан салбырап түскен жоқпын. Осы сөйлемдердің астарында жатқан өмірбаянымды тарқатып айтып бермекпін.

05.07.2025
КҮНДЕРЕК
Иір-қиыр жол

Замана зардабы

Сонау Кеңес одағы тұсында ақтар мен қызылдардың қыспағына ұшыраған бірқауым жұрт шегара асып Қытайға көшіпті. Менің әке-шешем де отбасымен Қорғас шегарасына таяу маңдағы Екіаша дейтін жерге орнығыпты. Мен осында 1941 – жылан жылы өмірге келіппін. Екі ұл, екі қыздан кейінгі кенжесі екенмін.

1949 жылы Қытай коммунистік партиясы бар билікті қолына алды. Бұл арада елдегі саяси реформаларға тоқталмаймын. Қыспақтағы өз тірлігімді ғана сөз етпекпін.

Ауылдық бастауыш мектептен кейін Сүйдін дейтін қаладағы орталау мектепке қабылдандым. Бір тәуірі, бұл жақта оқу бітірген куәлігің болса ала беретін. 5-6 сыныпты осында оқыдым. Пән мұғалімдері арасында ала-құлалық бар еді. Соның бірі – геометриядан дәріс беретін Дүйсеке дейтін ұстаз болды. Ара-тұра кекетіп-мұқатып сөйлейтін. Әсіресе, класком Бигүлсін мен тазалықшы Дүзікенге сұқтана беретін. «Дүзікенде моншақ көп, Бигүлсінде мәнсап көп», – деп мұқататын. Осы екі қызға менің жақындығымды жақтырмайтын.

Маған өз пәнінен кілең 3 қоятын. Сұрақтарына жауап бергенде мен де қырсыға қалатынмын. Қысқасы, екі жыл бойы тіл табыспадық. 7-сыныптан соң Құлжа қаласындағы Ахметжан Қасыми атындағы 3 жылдық оқу орнына ауысып кеттім. Менімен бірге жоғарыда аты аталған Бигүлсін де ауысты. Мұндағы өмірімнің де күңгейі мен көлеңкелі жақтары болды. Өлеңге деген құштарлығым Сүйдін қаласында оқып жүргенде басталған-ды. Енді біржолата бетбұрыс жасадым.

Құлжа қаласында шығатын аймақтық Іле газетінде бірер өлеңдерім жарық көрді. Осының арқасында өз ортама танымал болдым. Дегенмен, кейбір мұғалімдер мен белсенді студенттер бөтен елдің баласы ретінде жақтырмайтын. Оқу орны 3 жылдық болғандықтан I-II-III жылдық деп бөлетін. Мен әлгіндей беделге 2-жылдықта ие болдым. Бұл кезде екінші жылдық, екінші сыныпта оқитынмын. Сыныпта Бигүлсін екеуміз қатар отырдық. Біз Сүйдін қаласында оқып жүргеннен бастап сырлас болдық. Үрімжі қаласынан жоғары оқу бітіріп келген жас мұғалім Бигүлсінге көңілі кетіп хат жазыпты. Хатты екеуміз оқып, мысқылдап күлетінбіз. Қызығы – әлгі ұстаз хатты қызға мен арқылы беретін. Байқұс жігіт еш жауапсыз қала берді.

Біз түске дейін төрт сағат, түстен кейін екі сағат оқыдық. Кешкі астан кейін боспыз. Бір кеште мені бір сынып жоғары оқитын жерлесім Бағдәулет жатақханасына шақырды. Барсам, бөлмеде бір топ студент отыр, екеуі қыз бала. Әр кеште жиналып әңгіме-дүкен өрбітетін әдеттері екен. Сол кеште әңгіме айту кезегі тамам болыпты да, таныстықтан соң мені қолқалады. Әсіресе, ана екі қыз тым еркін, ашық кетті.

– Кел, танысып алайық, – деді мөлдір көзді аққұбаша қыз, – менің атым Оралхан, ал мына қыздың есімі Жамалхан. Осы қазірден бастап дос болайық. Жатырқамастан бір тәуір әңгіме айтып бер енді, – деп болатын емес. Қасындағы Жамалхан сәл тұйықтау көрінді. Қой көзді ақсарының әдемісі екен. Маған қарай икемделіп, өтініш білдіргендей сүзіле түсті.

– Айтайын, – дедім амалсыздан. – «Мың бір түнді» оқып па едіңдер?

– Жоқ, қолға түспей жүр, – деді Оралхан бәрі үшін жауап беріп. «Онда тыңдаңдар» дедім де «Мың бір түнді» бастап кеттім. Осы оқу орнында оқыған кіші ағайым Болатхан аталған кітаптің төрт томдығын сатып әкелген еді. Көршілер бас қосқанда маған оқытып қойып ұйып тыңдайтын. Қайта-қайта оқи бергендіктен бәрі есімде қалыпты. Біз түннің қоюланған кезінде барып тарастық. Осылайша сырласу кеші жалғаса берді.
Мектепте әр жексенбі сайын би кеші өтетін. Осындай кештерде Оралхан мен Жамалхан кілең менімен билейтін. Өз сыныптастарына пысқырып та қарамайтын. Кеште «ақ тансы» дейтін болатын, сондай бір тұста мені Бигүлсін биге шақырды. Көңілсіздеу көрінді. Менде өкпесі бардай.
– Әй, саған не болған, әлде біреу ренжітті ме? – дедім шыдамсыздана.
– Иә, сен ренжіттің.
– Не, қалайша?
– Ана кәрі қыздарға ғашық болғаннан саумысың? Мені мүлде ұмыттың ба?
– Қойшы, сені ұмыту мүмкін бе? Мен еш қызға ғашық болған емеспін.
– Ал, мен ғашықпын.
– Кімге?
– Саған. Тек сен түбінде арғы бетке кететіндіктен айта алмай жүргем.
Ол жыламсырап қаша жөнелді. Тысқа шыққанда қуып жетіп, құшақтап бетінен сүйдім.

– Бигүлсін, ақылың бар ғой, – дедім тұтығып. – Замана зардабы деген осы. Ол сені мен менің және екеуміз сияқтылардың жаны ауырғанына пысқырмайды. Көріп жүрсің ғой «бөтен жұрттық» деп мені сыртқа тебетінін.

Ол өксіп-өксіп жылай берді. Сасқанымнан қатты құшып жатақханасына ертіп бардым. Төсегіне жатқызып, сабасына түсіп, мауқы басылғанша қасында болып сүмірейіп өз жатақханама оралдым. Байқұс ару соншама жыл бойы жүректегі асыл арманын тұншықтырып келіпті-ау…
Келесі бір би кешінде Оралхан мен Жамалхан мені оңашалап:

– Кенжехан, шыныңды айтшы, ана қызбен араларыңда не болып жатыр? Тым оңашаланып кеттіңдер ғой, – деп сұрақтың астына алды. Ақырында бұл дос қыздарыма бар шындықты әңгімелеп бердім.

– Мұның жөн емес, – деді екеуі қатарласа. – Оны бізбен таныстыр. Сырласып достасайық. Қайғы-мұңына ортақтасып, ақыл-кеңесімізді ұсынайық. Бойын тіктеп, сергуіне септігіміз тиер.

Мен үнсіз құптадым.

Осы мезгілде Қытайда «Ашылып сайрау» дейтін саяси науқан басталды. «Барлық гүл шешек атсын, барлық бұлбұл сайрасын», деп ұрандады. Бұл науқанның астарында зымиян қулық бар-ды. Әркімнің ішкі құпиясын ашып, саяси көзқарасын айқындау керек болды. Үкіметке қарсы ішкі жауларды әшкерелеудің сылтауы-тын. Осынау арамза тұзаққа түсіп қалып сотталғандар көп болды. Кейбірі сотталып, атылды. Мен бұл науқаннан тысқары қалдым. Дегенмен, сақтанып тыныш жүрдім.

1962 жылы 3 жылдық мұғалімдер даярлайтын оқу орнын тамамдап ауылға оралдым. Мені дос қыздар шығарып салды. Бұл жолы Бигүлсін жылаған жоқ. Ағасына еркелеген қарындасымдай мойныма асылып бетімнен сүйді. «Берік бол» деді сыбырлап… Осы жылы желтоқсан айында отбасымызбен елге – Қазақстанға оралдық.

Елдегі еркіндік

Қорғас шегарасынан өте салысымен киім-кешегімізді химиялық тазалаудан өткізіп, өзімізді моншаға түсірді. Барлық отбасыларды бір отар қойды санағандай тізімдеп, қайда баратынымызды хабарлады. Бұл жолы келген оралмандар түгелдей Түркістанға баратын болдық. Біздерден ешкім жөн сұраған жоқ. «Айттым, бітті!» дегені болар. Жүгімізді жүк машинасына тиетіп Сарыөзекке жіберді де басқаларымыз бірнеше автобуспен сапар шектік. Сарыөзекке келген соң әкем Мұстағали шатақ шығарды. «Мен ешқайда бармаймын, менің туған жерім Қапал ауданы, сонда жіберіңдер», – деп отырып алды.

– Әй, шал! Ары-бері қашып өтіп жаман үйреніпсің, – деді бізді әкеле жатқан дәу қара. – Ей, ағайындылар, ана әкелеріңе айтыңдар, қылжақты қойсын.
Біз үш ағайынды едік: Байғали, Болатхан және мен – Кенжехан. Мәрзана, Күлбаран дейтін әпкелеріміз болды. Ақылдаса келе ағаларым әкеме мені жұмсады. «Атаңның ерке кенжесісің ғой, сені тыңдайды» деп көпшік қоя қолпаштады. Көндім, атама келіп мән-жайды түсіндірдім. «Бұл өзі алдын ала шешіліп қойған көрінеді. Көнбеске амал жоқ, ата», – деп ұғындырдым.
– Жарайды, заман сендердікі, – деді әкем жуасып. – Дегендерің болсын. Ана Жамал шешеңе де жағдайды айтып жұбатарсың.

Біздер пойызға мініп жүріп кеттік. Жүк пойызы екен. Айтшылап жүрген қатындарша әр стансыға бір тоқтайды. Барлығы есімде қалмапты. Арыс, Түлкібас деген ауылдар болды. Бір кезде жолаушылар «Тескен тау, тескен тау» деп шу ете қалды. Ұзамай бір үңгірдің ішіне сүңгіп кеттік. Атам «астапыралла» деп дұғасын оқып болғанша әлгі тесік таудан өте шықтық. Аппақ әлем жарқ ете түсті.

Осылайша итеңдеп жүріп, Түркістанға жеттік-ау. Осында әлгі дәу қараға көмекшілер табыла кетті. Әрбір отбасыларды әр жерге орналастырды. Бізге бір өзбектің қоржын тамы тиді. Сөйтсек, қалада Қожа Ахмет Яссауидің мазары бар екен. Атам «жолымыз болады екен» деп қуанып қалды. Ертесінде бәрімізді колхоз клубына жинап еңбекке орналастырды. Мені қаладағы педучилищенің үшінші курсына жіберді. Айта кетейін, әлгі бізді бастап келген осындағы колхоздың парторгі болып шықты. Іскер адам екен.

Училище директоры мейірбан, елгезек кісі көрінді. Ұлты өзбек болғанымен қазақша жатық сөйлейді. Мені балаларға таныстырып, «қамқор болыңдар, керек оқулықтарды тауып беріңдер», деп табыстады.

Құлжадағы оқуымнан айырмашылық әжептеуір екен. Бәріне үлгеруге тырыстым. Мені бір озат оқитын қараторы қызға табыстады. Бір көзінің кемістігі болмаса, сүйкімді-ақ. Обалы не керек, менімен жұғыса кетті. Үйіне ертіп барып, шешесімен таныстырды. Екі бөлмелі тоқал тамда анасымен тұрады екен. Ұйғырша әткен шәймен сыйлады. Осы арада бұлардың ұйғыр екендігі білінді. Бірақ таза қазақша сөйлейді. Қазбалап сұрамадым. Өкініштісі – қыздың аты-жөнін ұмыттым. Түркістаннан кетер-кеткенше қолғабысын аямады. Бұл қыз Құлжа қаласында қалған Бигүлсінді есіме түсірді. Көңілім алабұртып қобалжып жүрдім.

Үлкендер жағы қаланы жерсінбеді. Колхоз басқармасына қайта-қайта барып арызданумен болды. Біздің мұнда тұрақтамайтынымызға көздері жеткен болар, Жетісуға қайтуымызға рұқсат берді. Үлкен ағам Байғалиға әлгі парторг:

– Ана әкеңе сәлем айт, тағы да қашсын, біз көрмеген болайық, – депті. Біз шұғыл жиналдық. Жүктерімізді Алматыға жібердік те өзіміз кешкі жолаушылар пойызымен «қашып» кеттік. Сол бетімізбен әуелі Алматыға, онан соң Талдықорғанға, одан әрі Қапал ауданына қарасты Абай атындағы колхозға Көшкентал ауылына келіп тұрақтадық.

Колхоз бастығы Нұрболат Тұшкенов деген кісі еді. Елі жағынан атама туыс болатын. Осы кісіні қара тұтып келген едік. Бізді жақсы қарсы алды. Үй берді. Сол кездің заңды тәртібі бойынша бір бұзаулы сиыр, бірнеше қой-ешкі бөлді. Мәлім мөлшердегі азық-түлігі және бар.

Осылайша колхозшы болдық. Ағаларым шопан болды, мен әртүрлі науқанды жұмыстарға қатыстым. Қырманшы, қырықтықшы, жылқышы, жүн сорттаушы болып істедім.1964 жылы әскерге алындым. Новосибирск қаласындағы сержанттар мектебін бітіріп, кіші командирлік қызмет атқардым. Қаланың ішін қойып, айналасы толған түрме еді. Солардағы сотталғандарды күзеттік. Оларды күндіз құрылысқа апардық, түнде қарауылшы бастығы болдым. Әйтеуір, іш пыстырар үш жылды өткердім, 1967 жылы елге оралдым.

Тағы да сол шаруашылық жұмыстарға атсалыстым. Келер жылы оқуға түсу мақсатымен Алматыға кеттім. Қолымда колхоз басқармасы берген жолдама болды, агроном факультетіне. СХИ делінетін бұл оқу орнында сабақ негізінен кілең орыс тілінде жүреді екен. Агроном болып жарытпайтынымды ұға қойдым. Дереу құжаттарымды қайтарып алдым да ҚазМУ-дің журналистика факультетіне тапсырдым. Емтиханнан сүрініп, келесі жылы сырттай бөліміне түстім. Бұл өткерген үш жыл тым ауыр болды. Айына 30 сом төлеп пәтерде тұрдым. Аспазға көмекші, ет боршалаушы, қамыр илеуші, жүк түсіруші, официант болып істедім. Күндіз жұмыс, түнде емтиханға дайындалдым. Шаш ағартарлық қарбалас күндер бастан өтті. Сырттай оқи жүріп те амалсыздан түрліше жұмыстарға киліктім.

Оқу жылының алғашқы курсында қыздар пединститутында оқитын бір аппақ қызбен танысқан едім. Бір клубта кино көріп отырғанбыз. Кино «Один из нас лишний» деп аталады. Қатар отырған екі қызбен танысып үлгергенбіз. Қыздарды жексенбі күні Горький паркіне баруға шақырдық. Мен танысқан ақ қыздың аты Сәуле, қасындағы құрбысы Амангүл болатын. Ертесіне, келіскеніміздей, Сейфуллин көшесінде жолықтық. Менің қасымда жерлесім Көбей болды. Төртеуміз дабырласып келе жаттық. Кеше көрген киноны талқыладық.

– Киноның аты дұрыс қойылмаған, – дедім қасақана, – өмірде артық адам болмайды.
– Неге? Сен тұтас өмірді айтып отырсың, ал кинодағы басқа мәселе, – деп Сәуле таласа кетті. Маған да керегі осы еді. Сөзден сөз тудырып жақындаса түскім келген. Бәрібір артық адам жоқ деп қоймай қойдым.
– Вот ты будешь лишний, – деді Сәуле қазақша сөздігі жетпегендіктен. Кілең орысша оқығандықтан екі тілді араластырып жіберетін.
– Жә, қойыңдаршы бос сөзді, – деді Амангүл ренжіп, – одан да ана карусельге отырайық, Алматыны аспаннан тамашалаймыз.
Көндік, бәрібір Сәуле екеуміз қатар отырдық. Аузын ашса көмекейі көрінетін ақкөңіл болып шықты. Бағанағы жайсыз әңгіменің бәрін ұмытқан.
– Осыдан түскен соң көлге барып қайыққа отырайық, есе білесің бе, – деп сұрады.
– Жоқ, біз жақта үлкен көл жоқ, үйренудің сәті келмеді, – дедім шынымды айтып.
– Ничего, мен үйретемін, – деп иығымен түртіп қойды еркелегендей. Сол күні бастан-аяқ бірге жүрдік, қайықта тербелдік, парктегі аң-құстарды тамашаладық. Ең соңында төртеуміз мейрамханадан дәм таттық. Шаршаған жоқпыз, көтеріңкі көңілмен оралдық.

Сәулемен таныстығым осылайша басталып, жалғаса берді. Ақыры 1969 жылы үйлендік. Алматыдағы «Тұлпар» мейрамханасында дүркіретіп той жасадық. Елдегі еркін өмірім осылайша басталып, жалғаса берді.

Әрине, бұралаң-бұлтарысты тұстары да болды. 1975 жылы журналистика факультетін тамамдап, Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетіне тілші болып орналастым. Аудан жаңадан құрылған-ды. Жаңа ғимараттар сирек. Сондықтан босаған көне тамдағы редакцияда қысыла-қымтырыла жүріп еңбек еттік. Қатарымызда екі қабатты баспахана үйі болды. Бұл өзі бұрынғы бай татардың мекені екен. Алғашқы жылдары Марат Ысқақов деген кісі редактор болды. Ол ауысып кеткен соң облыстық редакциядан Жанат Дүкенбаев келді. Орынбасары ақын Күнсая Оспанова әрі бастауыш партия ұйымының хатшысы еді. Осы парторг журналист Арасанбай Естенов екеумізді партияға өткізбек болып, аудандық партия комитетінің жалпы бөліміндегі парткомиссияға жіберді. Бірақ ұйымдағылар бізді қабылдамай кері қайтарды. Сөйтсек, біздің құжатымызда туған жері КНР деп жазылыпты. Бар кінәрат осында болып шықты.

Аудандық партия комитетінің секретары Р. Тазабеков деген кісі болатын. Біз осы адамға шағымдандық. Бір аптадан кейін бізді парткомиссияға қайта шақырды. Біз кандидаттыққа қабылдандық. Бір жылдан соң партияға өттік. Міне, осындай да «қитұрқылар» болады екен. Көп ұзамай Кеңес одағы келмеске кетті де партбилетіміз жайына қалды.

Қапалдағы 13 жылда аумалы-төкпелі пендешілік қысас-қыжылдар ұшырасты. Соның бәрінде сабыр сақтадым. 1984 жылы облыстық «Октябрь туы» газетіне ауысып келдім. Газет кейіннен «Жерұйық» және «Жетісу» болып өзгерді. Осы «Жетісуда» табан аудармай зейнеткерлікке шыққанша қызмет атқардым.

Бұл ғұмырымда кедір-бұдыр оқиғаларға да тап болдым. Сылтау тауып аяқтан шалушыларға да кездестім. «Ит үрді, керуен көшті», аман қалдым. Қарабайыр қазақы қара жолдың иір-қиыр келетіні тәрізді небір бұралаң жолдан өтіппін. Түбі қайырлы болды. Көп жасап, көңіл тоғайттым. Бұл күнде немере-шөберелі қартпын. Мына жалғаннан армансыз өтетін түрім бар, барға қанағат.

Соңғы түйін ретінде отбасыма толығырақ тоқталайын. Біздер Мұстағали мен Жамалдан тарадық. Ағайынды үш ұл, екі қыз: Байғали, Болатхан, Кенжехан, Мәрзана, Күлбаран. Байғалидан – Зейнеп, Елемес, Есенғұл, Мәкен, Әбдуәли, Жұмахан, Амантай туған. Болатханнан – Арнай, Нұрсағила, Шарапат, Мейрамгүл, Данагүл, Медетжан, Болатжан, Қанатжан, Камила өсіп-өнген. Кенжеханнан екі қыз – Толқын, Ләззат. Бұлардың бәрі де үйлі-баранды, балалы-шағалы отбасылар. Ересектері әртүрлі кәсіппен шұғылданып жүр. Түгеліне аманшылық, еңбектеріне табыс тілеймін.

Кенжехан РАҚЫШ 

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.