Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Интернеттегі қауіп: Жетісу облысында алаяқтық 40 пайыздан асты

19.06.2025
АНАЛИТИКА, КҮНДЕРЕК
Интернеттегі қауіп: Жетісу облысында алаяқтық 40 пайыздан асты

anhor.uz

Цифрлық технологиялар күн сайын дамып жатқан заманда интернет-алаяқтық қылмыстары да соған ілесе көбейіп келеді. Жетісу облысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында онлайн алаяқтық деректері айтарлықтай артқан. Ресми деректерге сүйенсек, 24 маусымға дейін 257 факті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,2%-ға жоғары. Ең алаңдатарлығы ауыр санаттағы қылмыстардың саны 5 есеге артып, 2024 жылғы 12 деректен биыл 61-ге жеткен.

Мұндай қылмыстар облыстың барлық аймағында кездесіп отыр. Ең жоғары көрсеткіш Талдықорған қаласында – 135 жағдай. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. Текеліде – 21 жағдай (өсім – 16,7%), Ақсу ауданында – 13 (өсім – 85,7%), ал Көксу ауданында 12 жағдай тіркеліп, бұл көрсеткіш 6 есеге артқан. Сонымен қатар Сарқан, Қаратал, Кербұлақ және Панфилов аудандарында да өсім бар. Тек Алакөл ауданында ғана ахуал тұрақты, мұнда 16 факт анықталған.

Полиция департаментінің мәліметінше, биыл интернет-алаяқтардың жиі қолданған әдістері арасында өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді сұрау (120 жағдай) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда тауар мен қызметке алдын ала төлем талап ету (37), онлайн несие рәсімдеу (24), жалған инвестициялық платформалар арқылы алдау (17) және ойын-ставка сайттары арқылы ақша айналдыру әрекеттері (17) тіркелген. Мұндай алаяқтық көбіне WhatsApp, Instagram, Telegram мессенджерлері мен OLX.kz, Kolesa.kz сияқты платформаларда жасалады. Құрбандардың басым бөлігі – қарапайым тұрғындар: студенттер, зейнеткерлер мен жұмыссыз азаматтар.

Интернет-алаяқтық – тек статистика емес, бұл нақты адамдардың басынан өткен ауыр жағдай. Жетісу өңірінде алаяқтардың арбауына түсіп, ақшасынан, кейде тіпті сенімінен айырылған тұрғындар аз емес.

Талдықорған қаласының тұрғыны, студент Аяжан Ерболатқызы да солардың қатарында. Оның айтуынша, бұл оқиға 2022 жылдың күзіне сәйкес келеді:

– Университетке енді ғана түскен кезім болатын. Қосымша табыс табу үшін дүкенде жұмыс істеп жүрдім. Сол уақытта ноутбугым бұзылып қалып, оны OLX арқылы сатып, жаңасын алуды ойладым. Жарнама бергеннен кейін бір “сатып алушы” жазды. “Ноутбук ұнап тұр, бағасы да жақсы, аламын” деді. Мен қуанып кеттім. Ол бір сілтеме жіберіп, банк картамның толық деректерін, тіпті артындағы CVV кодты да сұрады. Сеніп, бәрін беріп қойдым. Ақша түспеген соң, ол “аудару үшін шотыңызда 20 000 теңге болуы керек” деді. Мен бастығымнан қарыз сұрап, сол соманы есепшотыма салдырдым. Бір минут өтпей жатып, 20 мың теңге шешілгені туралы хабарлама келді. Сол сәтте ғана алданғанымды түсіндім. Кейіннен белгілі болғандай, әлгі адам түрмеде отырып, дәл осындай схема арқылы адамдарды алдап жүрген екен. Бұл оқиға маған үлкен сабақ болды. Енді ешбір сілтемені, кодты тексермей ашпаймын. Әсіресе жастарға айтарым – сенім мен абайсыздықтың арасы бір-ақ қадам, – дейді Аяжан.

Тағы бір тұрғын – Асия есімді жас қыз да OLX арқылы алаяқтың құрбаны болғанын жасырмайды:

– Бірнеше жыл бұрын көйлекті онлайн сатпақ болып, OLX қосымшасына жарнама бердім. Бір адам қызығушылық танытып, өзге қалада тұратынын және зат қатты ұнағанын айтты. Ол сенімді адамдай көрінді. Курьер арқылы жеткізу үшін банк картамның деректерін, тіпті артқы жағындағы үш таңбалы қауіпсіздік кодын сұрады. Сол кезде бәрін жазып жібердім. “Картада белгілі бір сома болуы керек, кейін қайтарылады” деп сендірді. Ата-анам мұндай әрекеттің дұрыс еместігін айтса да, тыңдамай, өз дегенімді жасадым. Нәтижесінде, шотымнан ақша шешіліп кетті. Хабарлама жіберген адам кейін байланысқа шықпай қойды. Сол сәтте ғана алаяқтың құрбаны болғанымды түсіндім, – дейді Асия.

Ол бұл жағдайдан кейін интернет арқылы сауда жасағанда аса сақ болуды үйренгенін айтты:

– Өзімді қатты кінәлі сезіндім. Бірақ уақыт өте келе, мұндай алаяқтардың көп екенін, олардың көбіне жазасыз қалатынын білдім. Сондықтан барша жастарға айтарым – банк картасының толық деректерін, әсіресе CVV кодын ешкімге бермеңіздер. Алаяқтар өте сенімді түрде сөйлеседі, бірақ олардың мақсаты – сіздің ақшаңызды иемдену, – дейді ол.

Жетісу облысында биыл интернет-алаяқтық бойынша ашылған қылмыстар деңгейі 45,6%-ды құраса, ауыр санаттағы қылмыстардың ашылуы – 83,8%. Жыл басынан бері 131 іс аяқталып, 123-і сотқа жолданған. Алайда 156 іс бойынша тергеу мерзімі үзілген. Қазіргі уақытта бұл істер бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Киберқылмыстардың алдын алу мақсатында Жетісу облысы прокуратурасы мен Полиция департаменті бірқатар мекемелермен бірлесе жұмыс істеуде. «Қазақтелеком», «Мобайл Телеком-Сервис», «Кайнар-Медиа» сынды ұйымдармен қатар, «Жас қыран», «Lider KZ», «Қос Қанат Жетісу» сияқты жастар ұйымдары мен волонтерлік топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. QR-кодпен жабдықталған 85 мың дана брошюра мен жадынама тұрғындарға таратылып, базарларда, мешіттерде, медициналық мекемелер мен оқу орындарында ақпараттық түсіндіру жалғасуда.

Интернеттегі заңсыз және күмәнді контентті жою бойынша да нақты қадамдар жасалған. Биылғы жартыжылдықта 2184 сайт бұғатталып, 642 бейнеролик түсіріліп, олар профилактикалық мақсатта пайдаланылды.

Цифрлық кеңістік – тек мүмкіндік алаңы ғана емес, қауіп-қатер көзіне де айналып отыр. Әрбір азамат өз мәліметтеріне жауапкершілікпен қарамаса, алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін. Сондықтан сақтықты ұстанып, күмәнді сілтемелерге өтпеу, карта деректерін ешкіммен бөліспеу – тек жеке қауіпсіздік емес, қазіргі қоғамда қалыптасуы тиіс маңызды мәдениет.

 

Аяулым ШЫНГАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.