Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ

1 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде үй жануарларының саны артып, олар­­ды қорғау, тір­­кеу және жоғалған жағдайда табу мәселелері өзекті бола бастады. Осыған орай, иттер мен мысықтарды сәйкестендіруді міндеттеу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы қабылданды. Бұл бастама жануарларды қорғау мәдениетін қалыптастырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сәйкестендіру – жануардың ерекше мәліметтерін тіркеу және оларды бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу процесі. Ол микрочип енгізу, таңба қою немесе арнайы төлқұжат беру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда ең қолайлы әрі қауіпсіз әдіс – микрочип орнату. Бұл кішкентай құрылғы тері астына орнатылады. Мұнда  жануар туралы барлық мәлімет сақталады.

Сәйкестендірудің пайдасы көп. Егер жануар жоғалса табу жолы жеңілдейді. Ветеринария қызметі чипті арнайы сканер арқылы оқып, иесіне хабарласады. Бұл біріншіден, жануарларға қадағалау қажет екенін көрсетеді. Сәйкестендіру жүйесі иесінің жануар алдындағы міндеттерін тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Қаңғыбас жануарлар саны азайып, олардың тағдырына қатысты мәселелер заңды түрде шешіледі. Барлық үй жануарының мәліметтері тіркелгендіктен, аурулардың таралуын болдырмау жолы жеңілдейді. Бұл эпизоотиялық қауіпсіздік үшін пайдалы. Ол үшін ветеринариялық клиникаларда немесе мемлекеттік ветеринариялық мекемелерге жүгіну қажет. Сәйкестендіру жұмысы жылдам және жануарға зиянсыз түрде жүзеге асырылады. Микрочипті орнату бірнеше минут ішінде жүргізіледі. Оның жарамдылық мерзімі 25 жылға жетеді. 

Ит пен мысықты тіркемеген жағдайда «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 407-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасы бұзылады. Жануарларын сәйкестендірмеген жандарға әкімшілік айыппұл салынады. Бұл адамдардың жануар алдындағы жауапкершілігінен жалтарғанын көрсетеді.

Иттер мен мысықтарды сәйкестендіру тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар жануарларды қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлкен қадам.  Әрбір жануар иесі осыны түсініп, жауапкершілікті сезінуі керек. Бұл мәдениет қалыптасса, қоғамдағы жануарларға деген көзқарас  жақсара түседі.

Облыстық ветеринария басқармасы
Фото: zhalagash-zharshysy.kz

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.