Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА 66 КЕЛІ ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕНДІ

24 ақпан 2021
КҮНДЕРЕК
ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА 66 КЕЛІ ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйғыр ауданының жергілікті полиция қызметінің өкілдері табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қадағалау бойынша жүргізген арнайы шара барысында Іле өзенінде заңсыз балық аулап жүрген екі адамды ұстады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, үрлемелі қайыққа мінген браконьерлерден 66 килограмм балық тәркіленді. Тексеру барысында балық аулаушылардың заңмен тыйым салынған ауды пайдаланғаны әшкереленген. Олардың қайығынан ақ амур, дөңмаңдай, ақ марқа, табан балықтары табылды. Қазіргі уақытта табиғат қорғаушылар мемлекетке келтірілген материалдық шығынды есептеуде.

— Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үрлемелі қайық, пластикалық ау мен балықтар тәркіленді. Кетпен ауылының екі тұрғыны мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды, — деді Ұйғыр ауданы табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Саят Дәркенбаев.

Алдын ала тергеу барысында ұсталған адамның бірі – 1989 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматы екені белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары оның елімізге қашан және не себеппен келгенін, құжаттарының заңға сәйкестігін мұқият тексеретін болады. «Табиғат қорғау шаралары барысында жыл басынан бері ауданда 23 құқықбұзушылықты анықтадым. Оның 21 дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Екі дерек бойынша қылмыстық заңнамаға сәйкес тергеу жүрді. Аудан тұрғындары мен қонақтарын қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға, табиғатты аялауға шақырамын!» — деп толықтырды полиция капитаны Саят Дәркенбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.