Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНЕ 62 МЫҢ 500 ТУРИСТ КЕЛГЕН

7 ақпан 2021
КҮНДЕРЕК
ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНЕ 62 МЫҢ 500 ТУРИСТ КЕЛГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйғыр ауданында көз сүйсінетін, табиғаты таңғажайып жерлер жетерлік. Өңірде туризм саласын дамыту бойынша бірқатар жұмыс атқарылуда. Бұл туралы «Жетісу» газеті Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аудан бюджетіне туризмнен түсетін қаражаттың басым бөлігі табиғи ескерткіштер мен ыстық су көздеріндегі нысандарға келетін ішкі саяхатшылар болып табылады. «Арасан» табиғи минералды су көздеріндегі туризм инфрақұрылымы қарқынды дамып, демалыс орындары жыл санап артуда. Мәселен, өткен жылы ауданға 62 мың 500 турист келген. Қонақтарға 310 млн.500 мың теңгеге қызмет көрсетілді.

Шипалы ыстық су көздеріндегі емдеу орындарында туристерді қабылдауға арналған 2-3-4 орынды және люкс бөлмелері, суға түсу ванналары, ашық және жабық бассейіндер, тамақтану орындары қарастырылған. Геотермал сулардың емдеу-сауықтыру қасиеттері де бар. Жер асты термальды сулары маусымдық туризмді дамытудың жаңа мүмкіндігі. Бұл жерде жер астынан шыққан минералды суда қоңыр күзден жаз шыққанша шомылуға болады. Ағзаға да, бұлшық ет пен сіңірді қыздыруға да пайдалы.

Ыстық судың ырысын көріп, тыныққандардың басым бөлігі шетел асып, қаржыны сыртқа шашқанша, өз елімізде демалып, мемлекетіміздің экономикасын нығайтқан әлдеқайда артық екенін айтады. Сондай-ақ, мұндағы демалыс орындары жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Алдағы уақытта Ұйғыр ауданында тағы да бірнеше ірі қонақүй мен демалыс орындары қолданысқа беріледі деп күтілуде.

2021 жылғы көрсеткіш бойынша туристік нысандар саны 53-ке жеткен. Сонымен қатар, «Шарын шатқалы», «Ерен тоғай» туристік нысандарында туристерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Аудандағы туризм жөніндегі мәселелердің ұйытқысы болып отырған — «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Парк құрамына Шарын шатқалы, Қамалдар мен аңғарлар, Үлкен Бұғыты тауы және Сарытоғай, Ерен тоғайы кіреді. Мекеменің негізгі міндеттері табиғи кешендерді қорғау, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру, ғылыми жұмыстарды жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, экологиялық туризмді,  шектелген шаруашылық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Парк аумағында жалпы қашықтығы 49 шақырымды 4 туристік маршрут жасалған. Олар: 1.Шарын шатқалы. Бейіттер мен қорғандар; 2.Ерен тоғай; 3.«ЭКО Парк Тур» — Шарын шатқалы; 4.«Подгорный» балалар лагері және арасан. Бұл маршруттарда 2 көру алаңы, 1 түсу орны, 1 автотұрақ жасалып, 52 орынды киіз үй, 3 қонақ үй жұмыс істеуде.

Туристер мұнда жасы 5 млн.жылдан асқан, палеоген дәуірінен сақталып қалған, соғды ерені табиғи ескерткішімен танысады. Шарын ерен тоғайы арасында 7 адамның құшағы әрең жететін алып ағаштар бар, әлемде екі-ақ жерде кездесетін ереннің табиғи өскен ортасын көре алады.

Аудандағы көрікті жерлер бүгінде ірі туристік мекендерге айналып, туризм саласындағы бәсекелестік пен сапалық көрсеткіштер едәуір артуда.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.