Талдықорған: +37°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Келешегі кемел Басши

30.06.2026
КҮНДЕРЕК
Келешегі кемел Басши
WhatsAppTelegramFacebook

Басши ауылы Алтынемелдің баурайында орналасқан тарихы терең, табиғаты көркем елді мекен. Бұл ауылдың өткені көнекөз қариялардың әңгімесінде, жер атауларында, ел басқарған азаматтардың еңбегінде сақталған. Бүгінде ырысы тасыған ауылдың тізгінін Мұхит Несіпбайұлы ұстап отыр.

Ауылға қосылған үлес

Ауыл әкімі Мұхит Несіпбайұлы Басшидің тумасы. Бір шаңырақта жеті бала тәрбиеленген отбасындағы кенже ұл ретінде ол ерте жастан жауапкершілікке үйренді. Орта мектепті бітірген соң ата-анасының аманатымен ауылда қалып, еңбекке араласты. Еңбек жолы қарапайым тракторшылықтан басталды. Бұл оның өміріндегі үлкен мектеп болды. Жердің жайын, судың қадірін, техниканың тілін, ауыл адамының еңбегін сол кезде терең түсінді. Кейін ел басқару ісінде осы тәжірибенің көп пайдасы тиді. 2022 жылы аудандық мәслихат депутаты болып сайланып, бұл қызметте ауыл мен өңір мүддесін көтерді. Басши тұрғындарының ұсынысымен 2024 жылы ауыл әкімі болып сайланды. Демек, тұрғындардың оған сенім артуы елмен етене мінезімен, нақты іске жақындығымен байланысты болса керек.

Мұхит Несіпбайұлы ауыл әкімі болып сайланғаннан кейін негізгі назарды тұрғындардың тұрмыс сапасына, әлеуметтік нысандарға, жол, жарық, су, тұрғын үй және тазалық мәселелеріне аударды. Бұл жұмыстардың жүзеге асуына облыс пен аудан басшыларының қолдауы үлкен ықпал етті.

Ауыл ақсақалы Өкен Әбілмәжінұлы ауыл әкімінің жұмысына көңілі толатынын жеткізді.

– Әкімнің атқарып жатқан жұмысы көзге көрініп тұр. Басшида біраз жылдан бері жиі көтеріліп келген ауызсу мәселесі шешілді. Жолдар жөнделіп, ауыл мен мал шаруашылығы және туристік бағыты қатар дамып отыр. Ауыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысында аудан бойынша алдыңғы қатардан көрінуі көпшіліктің ортақ жауапкершілігі мен ауыл әкімінің де қандай да бағдарламаны жүйелі ұйымдастыра білетінін көрсетеді, – дейді ол.

Туристік аймаққа айналып отырған Басши үшін медициналық қызметтің қолжетімді болуы тұрғындарға да, сырттан келетін қонақтарға да маңызды. Сондықтан ауыл келбетін ажарландыра түсу ауыл әкіміне жүктелген басты тапсырма. Осы тұрғыдан келгенде, 2024 жылы облыс және аудан әкімдерінің қолдауымен ауылдық округте үш амбулатория салынып, өңірдегі тұрғындар өтініші орындалған. Бұл ауыл үшін маңызды жетістік.

Ауылдағы тұрғын үй бағытындағы жұмыстарды өркендетуге күш салып, 2024 жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арнап 7 тұрғын үй, 2025 жылы тағы 23 үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл ауылдағы баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешуге жасалған нақты қадам еді. Жол және жарық мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде Ақтөбе ауылының көшелеріне толық асфальт төселіпті. Басшиге қарасты Ақтөбе және Нұрым ауылдарының көшелерін жарықтандыру жұмыстары қолға алынған.

Басши өңірінде шаруашылықтың дамуы, мал мен егіннің жайы суға байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Басшида салынған екі су қоймасының игілігін 80-ге тарта шаруашылық көріп отыр. Бұл мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын ауыл азаматтары үшін үлкен мүмкіндік.

– Су қоймаларының тапсырылуы шаруаларға үлкен демеу болды. Бұрын әр маусымда су жайын ойлап алаңдайтынбыз. Қазір шаруашылық жүргізуге мүмкіндік кеңейді. Мал ұстайтын, егін егетін азаматтар үшін мұндай істің маңызы зор. Мұхит Несіпбайұлы бұл мәселеге сырттай қараған жоқ, өзі де шаруашылықтың жайын білетін азамат ретінде шаруалардың сөзін тыңдап, мәселенің шешілуіне ықпал етті. Әкімнің ел ішіндегі беделі де осындай нақты істерімен көрінеді. Сенім деген осындай ортақ жұмыстан қалыптасады, – дейді «Рауан» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Асқарбекұлы.

Бүгінгі заман ауылдан жаңа талапты қажет етеді. Шаруашылықпен бірге туризмді дамыту, жол мен жарықты жақсарту, тазалықты сақтау, ауылға келген қонаққа дұрыс қызмет көрсету бір-бірімен байланысты.

Ауылдық округте 2446 тұрғын тұрады. Туристік бағытта нақты жұмыс істеп отырған 14 кәсіпкер бар. Сонымен қатар қонақүй, көлік жуу орны, асхана сияқты қызмет көрсету нысандарын салып жатқан тұрғындар көбейіп келеді. Бұл ауыл халқының жаңа бағытқа бейімделіп жатқанын көрсетеді. Бұрын негізінен мал мен егінге сүйенген ауыл енді табиғат пен тарихты да табыс көзіне айналдыруға бет бұрған.

Ауыл әкімімен әңгіме барысында «Алтынемел» Ұлттық табиғи паркінің басшылығымен келісіп, ауылдағы туристік бағытта жұмыс атқаратын кәсіпкерлерді ынталандыру арқылы жаяу және атпен жүретін соқпақтар белгілеу, жолсілтемелер мен ақпараттық тақтайшалар орнату, жергілікті тұрғындар арасынан гидтер дайындау, қызмет көрсету сапасын көтеруге қатысты жұмыстарды қолға алғанын білдік. Бұл тұрғындардың кәсіп көзін ашып, табысын еселеуге мүмкіндік бермек.

Қолдау арнасы

Басши ауылындағы ауыл әкімдігінің ауласындағы ақ шаңқан киіз үйлер көрген жанның көңіліне қуаныш сыйлайтыны анық. Басында осы орынға кәсіпкерлік нысанын салу мақсатында ауыл әкімдігіне жүгінгендер көп болыпты. Бірақ Мұхит Несіпбайұлы ауыл ақсақалдарымен ақылдаса келе, қоғамдық және рухани мақсатта жұмыс атқару үшін ауылдық аналар кеңесіне тапсырыпты. Бұл шешімді қуана қолдаған ауылдан алыста жүрген азаматтар қаржы жинап, киіз үй сатып әперіп, оны жабдықтап беріпті. Қазір бұл киіз үйлер туристерді қабылдайтын, ұлттық дәстүрді көрсететін, көпшіліктің түрлі қуанышты сәттерін атап өтетін орынға айналыпты. Ең бастысы, осы үйлерден түскен қаражат мәдени шараларды ұйымдастыруға және жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуге жұмсалады екен.

Ауылдық аналар кеңесінің мүшесі Айгүл Асқарбекова бұл бастаманың ауылдың рухани келбетін көтеріп, әйелдер қауымының қоғамдық іске белсенді араласуына жол ашқанын айтады.

– Бұл үйлерде турист қабылдау ғана емес, елдік әңгіме, ұрпақ тәрбиесі, қайырымдылық, мәдени шаралар тоғысып жатыр. Мұхит Несіпбайұлы бұл істі бізге сеніп тапсырды. Сол сенім бізге де жауапкершілік жүктеді. Бүгінде аналар кеңесі ауылдың берекесін арттыруға, ұлттық құндылықты насихаттауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үлес қосып келеді. Ауыл өркендеуі тек жол мен үй салумен өлшенбейді, оның рухани тірегі де мықты болуы керек. Осы жағынан Басшида жақсы бастама қалыптасты, – дейді Айгүл Асқарбекова.

Ауыл әкімінің арманы Басшиды халықаралық деңгейдегі қызмет көрсету мәдениеті қалыптасқан туристік ауылға айналдыру. Ол үшін жаңа көзқарастағы, білімді, тіл білетін, туризм саласының талабын түсінетін жастарды ауылға әкелу қажет.

Мұхит Несіпбайұлының өмір жолы оның бұл қызметке кездейсоқ келмегенін көрсетеді. Ауыл басқару әкімшілік қызмет емес, ол халық алдындағы жауапкершілік. Әкімге артылған сенім күн сайын нақты іспен, жауапкершілікпен, әділ шешіммен және елге жақын мінезбен ақталуы керек. Мұхит Несіпбайұлының жұмысына қарап, Басши тұрғындарының сенімі бос сөзге емес, атқарылған іске, көрінген нәтижеге, ауыл болашағына деген ортақ үмітке негізделгенін аңғаруға болады. Мұнда әкімнің бастамасы, халықтың қолдауы, ақсақалдың ақылы, шаруаның еңбегі, аналардың берекелі ісі және жастарға артылған үміт бір арнаға тоғысып келеді. Осындай бірлік бар жерде ауылдың келешегі де кемел, бағыты да айқын болмақ.

Қажет АНДАС
Басши ауылы,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026
Арманға апарар жол

Арманға апарар жол

30.06.2026
Қауіпті контенттен қорғанайық

Қауіпті контенттен қорғанайық

30.06.2026
Маркемен жасалған келісім

Маркемен жасалған келісім

30.06.2026
Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.