Талдықорған: +19°C
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кең далаға нәр берген

18.05.2026
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Кең далаға нәр берген

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Бұрын Талдықорғаннан Алматыға қарай жолға шыққан жолаушы Арқарлы асуынан аса бере көз ұшына созылған сарғыш далаға тап болатын. Жолдың екі қапталындағы қураған шөп, тіршілік белгісі сирек аңғарылатын меңіреу кеңістік көңілге құлазу ұялататын. Ал кейінгі жылдары сол бір сұрқай тартқан алқаптың келбеті мүлде өзгерді. Кеше ғана иен жатқан далаға бүгінде жан біткендей. Темір қоршаумен қоршалған егістік алқаптар көз тартады. Мал азығына арналған дақылдар жайқалып өсіп, бұрынғы сүреңсіз көріністің орнын еңбек пен берекенің нышаны басқан. Дала төсіндегі осындай тіршіліктің тамырына қан жүгіртіп, кең алқапты берекелі еңбек алаңына айналдырып отырған «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС-ның инвестициялық жобасы.

Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бұл ауқымды жоба Кербұлақ ауданында жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын салып, соған қажетті тұрақты жемшөп базасын қалыптастыру. Жоба толық қуатына енгенде өңірдің етті мал шаруашылығына тың серпін беріп, ауыл тұрғындары үшін 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік меншіктен жалпы көлемі 5 446 гектар жер учаскесін бөлу туралы шешім қабылданған. Соның ішінде Жоламан ауылдық округінен 1 603 гектар жер егістік ретінде, Сарыбұлақ ауылдық округінен 1 747,71 гектар жер егістік және жайылымдық мақсатта бөлінді. Бұл алқаптар бордақылау алаңының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін негізгі азықтық базаға айналмақ.

– Мал бордақылау алаңын салып, оның жұмысын жүйелі жүргізу үшін, ең алдымен, берік жемшөп қорын қалыптастыру қажет. Себебі мұндай кешеннің тұрақты жұмысы қора мен жайдың көлемімен немесе мал басының санымен ғана өлшенбейді. Оның негізгі тірегі сапалы азыққа, суармалы егістікке, мал азықтық дақылдардың мол өніміне тікелей байланысты. Жемшөп жеткілікті болған жерде мал шаруашылығының тынысы кеңейіп, өндірістің өнімділігі артады, – дейді «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС директоры Ермек Толыбаев.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия 2025 жылғы 14 наурызда «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС компаниясын «Жетісу» ӘКК ӨДИ АҚ арқылы 3 млрд. 80 млн. теңгеден астам сомаға несиелендіру жөнінде оң шешім қабылдады. Көп ұзамай ауыл шаруашылығы басқармасы, «Жетісу» ӘКК ӨДИ АҚ және серіктестік арасында тиісті келісімшарт жасалып, жобаға қаржылық негіз қаланды.

Бөлінген қаржының негізгі бөлігі суару жүйесін құруға, сыртқы электрмен жабдықтау желілерін жүргізуге және заманауи жаңбырлатқыш машиналарды сатып алуға бағытталды. Себебі мал азығын мол өндіру үшін, ең алдымен, жерге су жеткізіп, егісті тұрақты ылғалмен қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта «Bauer Centerstar» жаңбырлатқыш машиналары арқылы 1 033 гектар ауыл шаруашылығы алқабын суарумен қамту көзделген.

Мұндай технология мал азықтық дақылдардың өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Мамандардың есебінше, жүгері, жоңышқа, бидай және арпа секілді дақылдардың түсімі 30 пайыздан 40 пайызға дейін көтеріледі. Бұл бордақылау алаңының тұрақты жұмыс істеуіне қажетті жемшөп қорын қалыптастырумен қатар өңірдегі ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтерудің нақты тетігі саналады.

Бүгінде 1 402,5 гектар аумаққа жаңбырлатып суару жүйелерін орнату жұмыстары аяқталды. Ауқымды жобаны қаржыландыруға кәсіпорынның 700 млн. теңге көлеміндегі меншікті қаражаты және 4,5 млрд. теңге көлеміндегі несиелік қаржы құйылды. Қомақты қаражат нақты іске жұмсалып, бұрын қуаң тартып жатқан алқаптарға су жетті.

Атқарылған жұмыс көлемі де ауқымды. Үш учаскеде құрылыс монтаж жұмыстары толық аяқталып, 21 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылды. Сонымен қатар, 32,8 шақырым электр беру желісі тартылып, 4 су жинау резервуары, 6 сорғы стансысы және 19 су алу ұңғымасы пайдалануға берілді. Суару жүйесін құру, электр желісін жүргізу, ұңғымаларды жөндеу мен бұрғылау, су жинақтағыштарды жаңғырту сияқты негізгі жұмыстар толық орындалды.

Серіктестік қосымша өз қаражаты есебінен де қажетті техникалар сатып алған. Атап айтқанда, Германияда шығарылған «CLAAS Arion 640 C» тракторлары, телескопиялық тиегіштер, АҚШ-та өндірілген «John Deere 9500» астық жинайтын комбайндары, сондай-ақ, отандық және шетелдік бірнеше трактор, егін егу мен топырақ өңдеуге арналған агрегаттар алынды. Мұның барлығы егістік көлемін кеңейтіп, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жоба туралы пікір білдірген серіктестіктің машиналар операторы Нұрболат Жұмағұлов мұндай бастамалардың ауыл шаруашылығы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

– Бұл жоба тек бордақылау алаңын салумен шектелмейді. Ең бастысы, өңірде толыққанды агроөндірістік жүйе қалыптасып келеді. Суармалы жер көлемінің артуы, заманауи техниканың алынуы, жемшөп базасының күшеюі мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтереді. Ауылда жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындардың тұрақты табыс табуына мүмкіндік туады. Мұндай жобалар ауыл экономикасының тынысын кеңейтеді, – дейді ол.

Алдағы уақытта төртінші учаскедегі жұмыс та жалғасады. 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес 370 гектар аумақта жалпы құны 1,4 млрд. теңге болатын 5 дана «Bauer» жаңбырлатқыш қондырғысы орнатылып, 10,5 шақырым электр желі бағанасы орнатылды. Сонымен қатар, 7 жаңа су алу ұңғымасы бұрғыланып, 2 су жинау резервуары мен 3 сорғы стансысы қойылды. Қазіргі таңда іске қосу баптау жұмысы жүргізілуде.

Көктемгі егіс жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген. Бұл мақсатқа 500 млн. теңге бағытталды. Қазіргі уақытта 400 гектар жерге арпа себілуде. Күтілетін өнімділік гектарына 25 центнерден 30 центнерге дейін жетеді. Бұдан бөлек, 285 гектар аумаққа жүгері, 140 гектар жерге күнбағыс, 485 гектар алқапқа жоңышқа егу жұмыстары жүргізілуде. Мамандар жоңышқа өнімділігін келесі жылы гектарына 20 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Кербұлақ ауданында жүзеге асып жатқан бұл жоба суармалы егістік көлемінің ұлғаюы, заманауи техника мен жаңбырлатып суару технологиясының енгізілуі ауыл шаруашылығы өндірісінің сапасын жаңа деңгейге көтереді. Қаңырап жатқан алқапқа су келсе, жердің де, елдің де берекесі артады. «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС қолға алған бастама осыны нақты іспен дәлелдеп отыр. Бұл далаға нәр берген, ауылға еңбек әкелген, өңірдің аграрлық болашағына жол ашқан жоба.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Кең далаға нәр берген

Кең далаға нәр берген

18.05.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Ата заңның жас ұрпақ өміріндегі рөлі

18.05.2026
Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовке құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовке құттықтау жолдады

18.05.2026
Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18.05.2026
Хантавирус қаупі: ДСМ қазақстандықтарға сақ болуды ескертті

Хантавирус қаупі: ДСМ қазақстандықтарға сақ болуды ескертті

18.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.