Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Кербұлақ ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңіріндегі Кербұлақ ауданының тағы 9 ауылына табиғи газ берілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ratel Media сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының елді мекендерді газификациялау деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР Энергетика министрлігі ауқымды жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бүгін Кербулак ауданына қарасты Байғгазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалык, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдарының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруге мүмкіндік алды.

Жаңа инфрақұрылым желісі 1 390 үйді қамтып, 6 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартады. Осылайша, аталған ауданда табиғи газға қосылған ауылдар саны 22-ге жетті. Нақтырақ айтсақ, бұл жоба Кербұлақ өңірінде 2022-2026 жылдар аралығында кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан ең ірі инфрақұрылымдық бастамалардың бірі. Жалпы жоспар бойынша ауданның 25 елді мекенінде 500 шақырымға жуық газ тарату желісін салу көзделген.

Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша газификациялау деңгейі 67,2 пайызды құрайды. Аймақтағы 110 ауыл мен қала халқы табиғи газды пайдаланып отыр. Алдағы уақытта жоспарланған барлық жоба аяқталған соң, көгілдір отын жеткен елді мекендер саны 126-ға өсіп, Жетісу облысының 500 мыңнан астам тұрғыны экологиялық таза отынмен қамтылады.

Табиғи газдың келуі тек тұрмыстық қолайлылық қана емес, сонымен бірге аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға да үлкен септігін тигізеді. Көмір мен отын жағудан құтылған ауыл халқы енді уақыты мен қаржысын үнемдей алады. Сондай-ақ бұл қадам шағын және орта бизнестің, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының дамуына жаңа серпін береді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.