Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КЕШ БАТҚАНША НАУРЫЗ ТОЙЛАДЫ

10 сәуір 2019
КҮНДЕРЕК
КЕШ БАТҚАНША НАУРЫЗ ТОЙЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Достық үйінде Наурыз мейрамына орай «Жұлдызы жарқыраған Жетісу» облыстық форумы екінші рет ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Ұлағат» ардагерлер кеңесі, этномәдени бірлестік төрағалары, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының ауласына қолөнер шеберлерінің көрмесі қойылды. Әр ұлт пен ұлыс көрмеге өз дүниелерін алып келіпті. Мұнда ер-тоқымның бірнеше түрі бар. Сондай-ақ, Кербұлақ, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары және Текелі қаласы аналар кеңесінің мүшелері аулаға дастарқан жайып, наурызкөжені тегін таратты.

Ізгі шарада облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай жиналғандарды  мерекемен құттықтады. Ол:

— Халқымыз Ұлыстың ұлы күніне – Жаңа жылға үлкен үміт артады. Тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда елге құт қонып, береке орнайды деген сенім жүрегімізге берік ұялаған. Бұл мереке көпэтносты Қазақстан халқын достық пен татулыққа шақырып, игі істерге жұмылдырып келеді. Біздің ұлттық рухымызды көтереді. Салт-дәстүрімізді жаңғыртады. Бүгінде Наурыз барлық этностарға ортақ, Қазақстанның әрбір азаматы асыға күтетін мереке. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қаланады. Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын білеміз. Оқушылар мен жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында Достық үйінің базасында «АЙБЫН» әскери-патриоттық клубы өз жұмысын бастады, – деп көпшілікті жаңалықтармен таныстырды.

Достық үйі – Қоғамдық  келісім орталығында соңғы жылдары  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды. Онда мәдени-ағартушылық клубтар, тілдік және компьютерлік сыныптар бар. Ассамблеяның бастамасымен алдағы уақытта Татарстан Республикасы мен Қазақстанның ынтымақтастығын нығайту мақсатында татар этносының ұлттық мерекесі «Сабантой»  облысымызда халықаралық деңгейде өткізілмекші.

«Жұлдызы жарқыраған Жетісу» облыстық форумының өтуіне атсалысқан ұжымға шара барысында сый-сияпат тапсырылды. Ұлыстың ұлы күніне арналған мәдени-көпшілік шарада ұлттық ойындар, салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көптеген этнос өкілдері өздерінің ән-жырларын ортаға салды. Мәні мен мағынасы келіскен Наурыз тойы кеш батқанша жалғасты.

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.