Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ретінде Көксу ауданы бойынша 1547 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатқызылатын 735 адам бар, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Былтыр ауданның бюджет қаражаты есебінен жаңа құрылыстағы 50 тұрғын үй сатып алынды және 60 пәтерлі кредиттік үйдің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.
Сатып алынған 50 тұрғын үй кезекте тұрған адамдарға берілді. Тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде ҰОС ардагерлеріне теңестірілген санатымен 2 адам, Толық емес отбасы санатымен 2 адам, І-ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар санатымен 3 адам, Жасына келген зейнеткер санатымен 2 адам, Жанұясында мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала асыраушы отбасы санатымен 7 адам, Көпбалалы отбасы санатымен 34 адам кезектерімен мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй тұжырымдамасы» негізінде 60 пәтерлі тұрғын үй ипотека арқылы «Отбасы банк» акционерлік қоғамы тарапынан конкурс жарияланып, төлемқабілеттіліктері расталған кезекте тұрған адамдарға 2 және 5 пайыз жеңілдетілген пайызбен беріліп, бүгінгі күнде әртүрлі санаттағы 59 адам өз пәтерлеріне қоныстанды. Қалған 1 пәтерге бүгінгі күнде конкурс өткізілуде.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған сатып алу құқығынысыз жалға берілген пәтерлер және тұрғын үйі аппаттық деп саналып, оның орнына мемлекеттен берілген тұрғын үйлер жекешелендіруге жатқызылатын болды. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан осы Заңға сәйкес жекешелендіру қағидасы дайындалуда, қағида электронды түрде жарияланған күннен бастап, ауданымызда осы уақытқа дейін мемлекеттен тұрғын үймен қамтамасыз етілген азаматтар, өз үйлерін жекешелендіруге ұсыныс жасай алатын болады.
Фото: xn--b1agapfwapgcl.xn





