Талдықорған: +4°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көксу ауданының әкімі табиғат аясында жастармен кездесті

9 маусым 2023
КҮНДЕРЕК
Көксу ауданының әкімі табиғат аясында жастармен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

Қадым дәуірден қанына сіңген тектіліктен ауытқымай, замана көшіндегі бабаларының асыл құндылығына мирасқорлық етіп, салт-санасы мен тұрмысындағы ең озық дүниелерді келер ұрпаққа аманаттап отыру киіз туырлықты қазақтың ең ұлы парызы саналған. Бүгінгі уақытта осынау аясы кең ардақты мұраттан танбау керекпіз. Өскелең ұрпақтың бойына адами қасиеттің баршасын құю, олардың болашағына жарқын жол нұсқау қажет.

Көксу ауданының шыңдары жабағы бұлтқа жастық болған манат тауының бөкітерінде өткен рухани кездесуде осынау мұратты ұғындыру басты мақсат болды. Шара барысында аталмыш өңірдің әкімі Марлен Көлбаев 16 мен 30 жас аралығындағы аудан жастарына ұлттық құндылық, бабалардың өмір салты, тектілігі төңірегінде әңгіме қозғады. Бүгінгі жаһандану кезеңінде күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен смартфон секілді заттар мен бұйымдардың пайдалы жағын, зиян тұсын айшықтады. Сонымен қатар, қоғамда келеңсіз жайтқа кейіпкер болған кейбір жастарды мысалға ала отырып, адам өмірінің ең жарқын сәті – жастық шақ екенін, сол мөлдір кезеңде ізгілікті іске себепші болып, хакім Абай айтқан «толық адам» тұжырымдамасына сай саф күйде тіршілік кешу керек екенін жеткізді. Өз кезегінде сөз алған аудан прокуроры да жастарға қоғамдағы заңбұзушылық, қылмыстық әрекеттерге кейіпкер болып қалмауды үндеді.

Еркін форматта пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуге 150-ден аса жас қатысты. Олар ел ағаларының, лауазымды азаматтардың әрбір айтқан өнегелі сөзінен тағылым алып, арасында кеуделерін күмбірлеткен пікірді де ашық айтты.

Ықылым заманнан жастарды «ұлт болашағы» деп түйсінген халықпыз. Бүгінгі таңда, жасыратыны жоқ, жастар арасындағы суицид, ерте жүктілік, нашақорлық секілді дүниелер дүркін-дүркін ақпаратқа арқау, мақалаға мәйек болып жатады. Бұл ары-беріден соң күллі жастардың ұстынына теріс көзқарас қалыптастыруы, қазақ жастары деген ортақ атауға нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан тағылымды түзден емес, тектілердің ізінен алу керек екені кездесуде айтылған рухани әңгімеге астар етілді.

Желегі жасыл тау бөктеріндегі тамаша сәтте Отанды қорғау,  отбасы құндылығы сияқты өзекті тақырыптар да көтерілді. Көксу ауданы бойынша 698 жас отбасы бары, оның ішінде 172-і көпбалалы екені белгілі айшықталды.

Табиғат аясындағы кездесу ашық аспан астында отандық кино көрсетілімімен түйінделіп, әрмен қарай би кешіне ұласты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.