Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көктемгі науқанға дайындық қалай?

13 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Көктемгі науқанға дайындық қалай?
WhatsAppTelegramFacebook

Көп ұзамай көктем де келеді. Бұл мезгіл әсіресе шаруалар үшін аса қарбалас шақ. Өйткені олар екі білегін сыбанып, қолда бар техникасын жөндеп, жер жырту, егін егу қамына кіріседі. Сөйтіп, қара жерге дән сеуіп, дала төсін дүбірге бөлейді.  

Көктемгі науқанға дайындық қазір қалай жүруде? Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы қызметкерлері берген мәліметке сәйкес, дала жұмыстарына әзірлік барлық талапқа сай орындалуда. Белгілі болғандай, биыл ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 510,7 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біраз жоғары. 

Мәселен, 295,3 мың гектарға дәнді дақылдардың тұқымы себіледі. Оның 98,5 мың гектары бидай, 155,4 мың гектары арпа, 40,1 мың гектары дәндік жүгері, 1,2 мың гектары күріш, 1,1 мың гектары басқа да дәнді дақылдарға арналмақ. Сонымен бірге 89,75 мың гектарға майлы дақылдар, 12,5 мың гектарға қант қызылшасы, 8,9 мың гектарға көкөніс пен бақша дақылдары, ал мал азығы дақылдарына арналған алқап көлемі 97,2 мың гектарды құрайды. Ал  картоп 6,7 мың гектарға отырғызылмақ. 

Жоспар бойынша 373,8 мың гектарға жаздық дақылдарды себу үшін көктемде 246,8 мың гектар жер жыртылып, 127,0 мың гектар сүдігердің ылғалы жабылады. Сондай-ақ, 136,9 мың гектар өткен жылғы көпжылдық шөптер мен күздік дақылдар тырмаланады. Бұған қажет 52,1 мың тонна ауылшаруашылығы жаздық дақылдардың тұқымы толық дайын. 

Жоспарланған 12,2 мың гектар қант қызылшасын себуге 17,0 мың себу бірлігі көлемінде тұқым қажет. Оның басым бөлігі Көксу қант зауыты және «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қамтамасыз етіледі. Дала жұмыстарының сәтті жүруіне ауылшаруашылығы техникаларының сақадай-сай жұмыс атқаруы аса маңызды. Осы орайда көктемгі науқанға трактор, соқа, сепкіш, жер тырмалары, қопсытқыш сияқты барлығы 20 621 техника қатысады. 

Қазір олар жөндеуден өтіп жатыр. Бұл жұмыстар наурыз айының ортасында толық аяқталады. Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағармай ауадай қажет. Осыған байланысты 577 шаруа қожалығынан барлығы 6,1 мың тонна дизель отынына өтінім түскен. Айта кетейік, жалпы облысқа 5,5 мың тонна дизель отыны бөлінген. Мәселен,  наурыз айында 960 тонна, сәуір айында 2400 тонна, мамыр айында 2160 тонна жұмсалады. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Айгүл Байжұмақызы
Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ
 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.