Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көлік министрлігі төтенше жағдай кезінде қандай шараларды қолға алды

19 сәуір 2024
КҮНДЕРЕК
Көлік министрлігі төтенше жағдай кезінде қандай шараларды қолға алды
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің көлік саласының мамандары табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету және су тасқынының салдарларымен күресу мақсатында жедел шараларды қолға алды. Көліктің барлық түрінің іс-қимылын үйлестіру үшін жедел штаб құрылып, жолаушыларды, түрлі техниканы, гуманитарлық жүктерді тасымалдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Автожол

* Су тасқыны кезеңінде жол қызметі орталық және жергілікті деңгейлерде жедел штаб құрумен күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

* Жолшылар тәулік ішінде 4 көпірде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, өз күштерімен 33 км жолдың қозғалысы қалпына келтірілді,

* Солтүстік, батыс өңірлерге еліміздің 15 өңірінен мыңнан астам жолшы мен 1,5 мың бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

* Жол қызметтері еріген суды өткізу үшін 4 облыста 9 учаскеде жолды жасанды түрде бұзу бойынша мәжбүрлі шаралар қабылдады.

Авиация

* Қазақстандық әуе компаниялары 51 қосымша рейс орындап, Атырау қаласынан 9 мыңнан астам жолаушы тасымалдады.

* 12 сәуірден 20 сәуірге дейін тасымалдаушылар Атырау қаласынан жалпы сыйымдылығы 14 217 орындық 76 қосымша рейс жоспарлаған.

* Қазақстандық авиакомпаниялар 1,1 млрд теңге гуманитарлық көмек бөлді, әуе компаниялар 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізді.

* Атырау-Астана және Атырау-Алматы маршруттарында эконом-класс билеттерінің ең жоғары құны 40 мың теңгеге дейін (балаларға арналған билеттер осы тарифтен 50% жеңілдікпен) төмендетілді.

Теміржол көлігі

* Эвакуация кезеңінде «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша 12,5 мың жолаушы тегін тасымалданды, қосымша 14 жолаушы вагоны бөлінді.

• Сұраныстың артуына байланысты батыс өңірлерден Қызылорда, Қарағанды, Алматы және Астана бағытында қосымша маршруттар мен тіркеме вагондар ұйымдастырылды, 4,5 мың жолаушы тасымалданды.

* 500 баланы емдеу-сауықтыру орталықтары мен лагерьлерге тасымалдау қамтамасыз етіледі.

* Жүктерді жоғары жылдамдықпен және тегін негізде жеткізген мыңнан астам ауыр техниканы тасымалдау үшін 700-ге жуық теміржол платформасы бөлінді. Халыққа көмек көрсету үшін ҚР ТЖМ жеке құрамының 4,5 мыңға жуық адамы тасымалданды.

* Инертті материалдарды тасымалдау, понтондық (құрама) көпірлерді солтүстік-батыс өңірлерге қалпына келтіру жұмыстарына жеткізу жалғасуда.

Автокөлік

«Құлсары-Доссор» республикалық трассасы учаскесін су басуына байланысты өзбек тарапымен Құлсары маңында тұрып қалған фурларды өткізу туралы келіссөздер жүргізілді. Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы «Тәжен» және «Қонысбаев» өткізу пункттерінен Өзбекстан Республикасының аумағы арқылы қазақстандық автокөлік құралдарының транзитпен өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы мәселе пысықталды.

Көлік саласының мамандары зардап шеккен өңірлер мен азаматтарға қажетті көмек көрсетуді жалғастырады, сондай-ақ бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысады.

Фото: newscentralasia

Қатысты жаңалықтар

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.