Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КІМ КІНӘЛІ? ПРЕЗИДЕНТ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІНІҢ ТУҒАН-ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

15 қыркүйек 2019
КҮНДЕРЕК
КІМ КІНӘЛІ? ПРЕЗИДЕНТ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІНІҢ ТУҒАН-ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысынан қаза тапқан жүргізушінің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл жайында Мемлекет басшысы «Twitter» парақшасына жазды.

Қайғылы жағдай бүгін Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған стансысында болды. Оқиға орнында қоғамдық көліктің жүргізушісі көз жұмды. Ақпараттарға сүйенсек, автобуста 67 адам отырған. Жарақат алғандар бар. Әлеуметтік желіде қайғыға ортақтасқан Президент: «Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды», — деп жазды.

Еске сала кетейік, оқиға орнында түсірілген бейнематериал әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда көлік кептелісінде тұрған ақ түсті автобусты анық байқауға болады. Сонымен бірге, теміржол өткеліндегі бағдаршамның қызыл түсі жанып, қоңырау үні шығып тұрғаны бірден байқалады. Бірнеше секундтан кейін сигнал берген пойыз автобусты қағып өте шығады.

Әлеуметтік желілерде біреулер автобус жүргізушісінің кінәлі екенін жазып жатса, екіншілері аман қалған жолаушыларға шүкір десіп, жарақат алғандарға саулық тілеуде. Құзырлы мекемелер анықтауы тиіс жұмысқа желідегі жұртшылық толассыз пікір жазып, кімнің кінәлі екенін талқылап жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, қайтыс болған көлік жүргізушісінен бөлек, тоғыз адам жараланған. Оқиға орнына қажетті көлемде «Жедел жәрдем» көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары келіп, жағдаймен танысты. Соның ішінде, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында жүр. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.