Талдықорған: +10°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҮКІМЕТ: ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫ ТӨМЕНДЕДІ

4 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
ҮКІМЕТ: ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫ ТӨМЕНДЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен онлайн режимде селекторлық жиын өтті. Оған Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты. Жиында жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері сөз болды.

Селектор барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздегі өрт оқиғаларының алдын алу бойынша атқарылып жатқан шараларды, тілсіз жаудың қай өңірлерде өршіп тұрғаны жайлы баяндама жасады. Министрдің айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздегі тұрғын үй секторларында 1369 өрт оқиғасы орын алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Өрт оқиғасы Алматы, Шымкент, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында көбейген. Мұның себебі көбіне электр жабдықтары мен пешпен жылыту жүйелерінің дұрыс пайдаланылмауына байланысты.

Бұл мәселе бойынша Асқар Ұзақбайұлы:

– Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына азаматтық қорғау мәселелерін дамыту, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою міндеттерін қойды. Сондықтан, осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажет. Әлеуметтік сала объектілерінде орналасқан қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алып, оларды ғимараттан шығару мәселесін жылдамдатып шешкен абзал. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстарын жалғастырған жөн. Адам өмірі бірінші кезекте тұрғандықтан, халықты апаттардан қорғауды қамтамасыз ету — басты міндет, – деп, жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықпен профилактикалық жұмысты күшейту туралы тапсырма берді.

Үкімет отырысынан кейін Амандық Ғаббасұлы көтерілген мәселе бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріп, өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.