Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

“Үкімет жеңілдікті алып тастауы мүмкін“: депутат елдегі баспана бағасына алаңдады

15.01.2025
КҮНДЕРЕК
“Үкімет жеңілдікті алып тастауы мүмкін“: депутат елдегі баспана бағасына алаңдады

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жаңа салық кодексінің қабылдануына байланысты елдегі тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, бұған дейін құрылыс компаниялары бірқатар салықтық жеңілдікке ие болып келген. Алайда бюджеттің тапшылығы мен салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты, құрылыс саласына 12 пайыздық жаңа салық енгізу жоспарланып отыр. Мұндай шешім түптеп келгенде қарапайым тұрғындарға ауыртпалық әкелуі мүмкін.

“Қазіргі таңда құрылыс компаниялары коммерциялық ғимараттардан ғана салық төлейді. Ал салынған және сатылған тұрғын үйлерге салық салынбайды. Енді үкімет бұл жеңілдікті жоюды көздеп отыр”, – деді депутат.

Мұқаевтың пікірінше, бұл өзгеріс тұрғын үй нарығына айтарлықтай әсер етіп, пәтер бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның ірі қалаларында тұрғын үй құны жүк көліктерінің қозғалысына енгізілген белгілі бір шектеулерге байланысты айтарлықтай өсуі мүмкін екенін жазған едік.

Бұл туралы Құрылысшылар одағының елордадағы филиалының директоры Вячеслав Лазарев LSбасылымына берген сұқбатында айтқан. Ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде осы санаттағы (самосвал) ауыр көліктерді жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда жүк тасымалдауына тыйым салынуы мүмкін екенін айтады. Ал бұл норманы бұзғаны үшін өте жоғары айыппұлдар (2025 жылы 1 мың АЕК — 3,9 млн теңге) қарастырылып отыр. Техниканы міндетті түрде өлшеуді енгізу жоспарлануда.

Лазаревтің айтуынша, бұл жағдайдың бетон жеткізу тарифтеріне, соның салдарынан тұрғын үй құнына теріс әсері бар.

«Бұл материал (бетон) құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) 7-ден 20%-ға дейінгі үлесін қамтиды. Көлемі 8-9 текше метр болатын самосвалдардың жүрісіне тыйым салынған жағдайда рейстер саны еріксіз артады, өйткені үш-төрт куб бетон араластырғыштарды пайдалану қажет болады. Бұл ҚМЖ бағасының 5-7%-ға өсуіне ықпал етеді. Қазіргі уақытта құрылыс салушылар онсызда ең төменгі маржада — 10-12% жұмыс істеп жатқандықтан, бұл шығындар тұрғын үй құнына қосылады. Осы жағынан алғанда, жаңа пәтерлер 5-7%-ға қымбаттауы мүмкін. Мұның мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандарға да қатысы бар. Мемлекеттік органдар өз шығындарын ұлғайтуға мәжбүр болады, бұл бюджет тапшылығы аясында тиімсіз»,  — дейді ол.

Ол қазірдің өзінде бетонның бағасы шамамен 15%-ға өскенін еске салады. Ал кейбір секторларда баға өсімі 30-35%-ға артқан. Сондықтан көлікке қатысты шектеулер «жығылғанға жұдырық» болады. Сонымен қатар, жобаларды іске асыру мерзімі 30%-ға артады. Егер бұрын монолитті-қаркас жұмыстарын алты айда атқару мүмкін болса, онда болашақта бұл мерзім бір жылға созылуы мүмкін. Салдарынан кейбір құрылыс компаниялары ұсынысты арттыру бойынша міндеттемелерді өз мойнына ала алмайды, сондықтан олар жұмыс көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Бұл тұрғын үй секторы мен әлеуметтік нысандарды салу қарқынына теріс әсер етеді.

Лазаревтің айтуынша, саладағы тағы бір жағымсыз фактор уақыт белдеуін ауыстыру болып тұр. Ол мұны күн уақытының қысқаруымен түсіндіреді. Егер бұрын жоғарғы қабаттарда сағат 17:00-18: 00-ге дейін жұмыс істеуге болатын болса, қазір 16: 00-де жұмыс аяқталады. Салдарынан жаңа баспананы пайдалануға беру мерзімі шамамен 10-15%-ға кешіктіріледі. Осыған байланысты құрылысшылар одағы осындай салдарларға жол бермес үшін мынандай бірқатар шараларды ұсынады.

«Біріншіден, самосвалдардың қозғалысына салатын тыйымға компаниялардың дайын болуына мүмкіндік беру үшін аталған норманы 2026 жылға дейін кейінге шегере тұру керек. Екіншіден, тыйымның орнына ауыр жүгі бар көліктердің қалада қатынау мүмкіндігін қарастыруда қосымша 500 мың теңге көлемінде салық енгізуге болады. Бұл шара жергілікті атқарушы органдарға жолдарды жөндеуге, ал самосвалдардың құрылыс алаңына дейін еркін баруына мүмкіндік береді. Мәселен, тек Астананың өзінде осындай 12 мың автокөлік құралы бар, олар елордалық бюджетке 5 млрд теңге көлемінде қосымша түсім жасай алар еді. Үшіншіден, елімізде салынып жатқан жолдардың сапасын жақсарту қажет. Нәтижесінде ауыр жүк көліктеріне қарамастан олардың пайдалану мерзімі өздігінен артады.  Ақыры, бұрынғы құрылыс қарқынына оралу үшін бұрынғы уақыт белдеуіне оралу керек», — дейді маман.

Айта кетейік, Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы төрт жылда 43%-ға қымбаттаған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2024 жылдың қарашасында жаңа пәтерлердің бағасы 43,2%-ға, ал екінші нарықтағы пәтерлердің құны 50,2%-ға өскен.

Ranking.kz ақпаратынша, 2024 жылы Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға сұраныс айтарлықтай артқан. Қаңтар-қараша айларындағы көрсеткіш бойынша, елде 382,9 мың тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға көп.

Мәмілелердің 85,2 мыңы жеке үйлерге (жылдық өсім – 1,1%), ал 297,7 мыңы көпқабатты үйлердегі пәтерлерге (өсім – 19,8%) қатысты жасалған.

Ең көп сатып алу-сату мәмілелері Алматы мен Астана қалаларында тіркелді. Алматыда – 74,9 мың, ал Астанада – 67 мың. Үздік бестікке Қарағанды облысы (30 мың), Алматы облысы (20,7 мың) және Маңғыстау облысы (19 мың) кірді.

Фото: Видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.