Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көксу ауданына мәдени ошақ ашылды

21 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Көксу ауданына мәдени ошақ ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы құрылғалы бері әр сала бойынша жаңа нысандар салынып, ауыл-елдің ажарын айшықты етіп келеді. Күні кеше ғана киелі Көксу ауданына қарасты Мұсабек ауылында тағы бір мәдени ошақ ашылып, ел игілігіне берілді.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ашылған блокты-модульді клубтың салтанатында Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов ақжарма тілегін жеткізіп, ауыл елінің өнерінің өрісті, рухани қазынасының кенішті болуына жаңа нысанның тигізер септігі көп екенін атап өтті. Ал облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов тұрғындарды тарихи сәтпен құттықтап, өнер ошағынан ел руханиятына олжа салар таланттар түлесін деген тілегін арнады.

Өз кезегінде ауыл азаматы Сайлаубек Қонқақов:

– Мұсабек ауылында жаңа блокты-модульді клубтың ашылғанына өте қуаныштымыз! Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Енді әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп, жастар мен балалар бос уақытын тиімді пайдалана алады. Ауылдың рухани өмірі жанданады деп сенеміз. Осындай игілікті іс жасап, халыққа қуаныш сыйлаған аудан басшылығына және құрылысқа атсалысқан барлық азаматқа зор алғысымызды білдіреміз, – деп толғанды.

Отыз жылдан астам уақыт Мәдениет үйінсіз өмір сүріп келген Мұсабек ауылының тұрғындары үшін жаңа ғимараттың салынуы жыл келгендей жаңалық. Аудан әкімі баспасөз қызметінің берген мәліметінше, 1993-2024 жыл аралығында аталған ауылда клуб болмаған. Өткен ғасырдың 70-ші жылынан 1992 жыл аралығында клуб халыққа қызмет етіп тұрғанымен тозығы жеткен ғимарат 1993 жылы бұзылыпты. Содан былтырға дейін мәдениет ғимаратынсыз келген ауылға облыстық әкімдіктің қолдауымен құны 150 млн. теңгеге клуб салынды.

Жаңадан бой көтерген ғимараттың жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. 150 орынды көрермен залы бар ошақта штаттық кесте бойынша 3 мәдениет қызметкері және 1 тазалықшы, 3 күзетші жұмыспен қамтылған.

Айта кетерлігі, Мұсабек ауылдық округіне қарасты 5 елді мекен бар. Олар Мұсабек және Мәулімбай ауылдары мен Бақша, Быжы, Мойынқұм бекеттері. 1800-ге жуық тұрғын мекен ететін округ орталығында бой көтерген клубты «Ақжол-Ырыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салғанын да айта кеткен жөн.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.