Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
КҮНДЕРЕК
Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде
WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаһанды жаңғыртып, табиғатпен бірге адам көңілін де түлететін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Жетісу өңірінде мерекелік шаралар легі басталды. Биыл 13-23 наурыз аралығында республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Наурыз FEST» акциясы Жетісу облысында да кең ауқымда өтуде.

Аталмыш бастама халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, отандық өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының сауданы дамыту бөлімінің басшысы Азамат Жанбырбаевтың айтуынша, республикалық акцияға өңірдегі ірі сауда желілері мен сауда орындары белсенді қатысуда. Атап айтқанда, «TOIMART», «SMALL», «Magnum» сауда желілері, сондай-ақ «Шаған», «Евразия», «Керуен», «Қарағаш», «ЦУМ», «Айзере», «Magnit», «As-mart» секілді сауда үйлері мен минимаркеттер тұрғындарға жеңілдетілген бағамен тауар ұсынып, мерекелік сауданың қызуына үлес қосуда.

Наурыз мерекесінің басты ерекшелігі – ел арасындағы бірлік пен берекені нығайту болса, осы мақсатта облыстың әр ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Мәселен, 15 наурыз күні Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласындағы «Достық» сауда үйі алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Мұнда тұрғындар жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының ет, сүт өнімдерін және түрлі азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алды. Қазіргі таңда жәрмеңке орны белгіленіп, кәсіпкерлерді тарту жұмыстары жүргізіліп, арнайы шатырлар орнатылуда.

Сондай-ақ 14 наурыз күні Текелі қаласының орталық базарында да мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындарға азық-түлік, ет және сүт өнімдері төмен бағамен ұсынылды. 15 наурызда Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында мәдениет үйінің алдында жәрмеңке өтті. Мұнда азық-түлік тауарларымен қатар дайын тағамдар да сатылып, тұрғындарға мерекелік дастарқанды молынан жасауға мүмкіндік берілді. Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында да дәл осы күні Мәдениет үйінің алдында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ет-сүт өнімдері мен дайын тағамдар саудасы қызды.

Ал Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылындағы «Санжар» сауда үйі алаңында өтетін жәрмеңкеде де тұрғындарға табиғи әрі сапалы азық-түлік ұсынылады. Мұнда кәсіпкерлерді тарту жұмыстары жүргізіліп, мерекелік сауда алаңына арналған шатырлар орнатылуда. Ақсу ауданында да мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылмақ. Жансүгіров ауылындағы «Долана» базарында 14 наурыз күні жеміс-жидек, азық-түлік, ет және сүт өнімдері сатылса, 15 наурызда «Ақын Сара» мәдениет үйінің аумағында сауда-саттық жалғасты. Ал Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында жексенбілік базар маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтсе, Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында да дәл осындай сауда алаңдары ұйымдастырылады. Мұнда жергілікті шаруалардың өнімдері ұсынылып, тұрғындарға қолжетімді бағамен сауда жасалады. Сонымен қатар 17 наурыз күні «Toimart» сауда үйінде қазақтың әсем күйлері ойнатылып, ұлттық әуен мерекелік көңіл-күйді арттыра түспек.

– Бұл игі бастаманың өңірімізде ұйымдастырылып жатқаны қуантады. Себебі, әр заттың бағасы қол жетімді. Мысалға біз Айс сүтін 700-800 теңгеден алып жүрсек, қазір оның бағасы 500 теңге көлемінде. Қайырымдылық акциясын өткізіп отырған жандарға алғысымыз шексіз, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Зәуре Тұрарқызы.

Жетісу өңіріндегі мерекелік шаралар тек сауда-саттықпен шектелмейді. 22 наурыз күні сағат 10:00-де «Жастар» саябағында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған кең көлемді мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Мұнда ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, концерттік қойылымдар, ұлттық спорт ойындары, қолөнер көрмелері мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді.

Көктемнің шуағымен бірге келетін бұл мереке – тек табиғаттың ғана емес, қоғамның да жаңаруын білдіреді. «Наурыз FEST» акциясы арқылы халыққа қолжетімді сауда ұйымдастырылып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен қоғамдағы бірлік пен берекені нығайтуға ерекше мән беріліп отыр. Жетісу жерінде ұйымдастырылып жатқан бұл игі бастама Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, халықтың мерекелік көңіл-күйін одан әрі көтере түсетіні анық.

Медет Жұмабай

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026
Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

15.03.2026
Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.