Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көрсеткіш көңіл қуантады

«Qazaqgaz» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жәркешев пен облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов Ақсу ауданына қарасты «Жансүгіров», «Қапал» газ тарату стансысында атқарылған жұмыстарды көріп қайтты.

20.05.2025
КҮНДЕРЕК
Көрсеткіш  көңіл қуантады

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Облыс елді мекендерін газдандыру жұмысы қарқынды жүруде. Кезінде Алматы облысының құрамында болғанда тұрғындарды көгілдір отынмен қамту деңгейі республикада алдыңғы орнында тұрғаны анық. Жетісу облысы өз алдына шаңырақ көтергенде 5 елді мекен ғана газдандырылып, салыстырмамыз төмендеп кеткен болатын. Содан бергі 3 жылдағы тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде көрсеткіштер өсіп, көптің көңілі көгілдір отынмен жылына бастады. Қазіргі жағдай тіптен бөлекше. Ал Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбырын тарту жұмысы аяқталғанда жағдай тіптен жақсара түспек.

– Жетісу облысы алғаш шаңырақ көтергенде аймақтағы 5 елді мекен газдандырылып, 27 пайыз тұрғын көгілдір отынмен қамтылған еді. Жалпы облыстағы 356 елді мекеннің 192 елді мекені газдандыруға жатады. Бүгінгі таңда аймақты газдандыру деңгейі 58,2 пайызға жетіп, 84 елді мекен газдандырылды, 404,2 мың адам (101,8 мың абонент) табиғи газға қол жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биыл тағы 42 елді мекенді газдандырамыз. Көрсеткішіміз 71 пайызға жетеді. Бұдан басқа, өңірлік схемаға кірмей қалған 18 елді мекенді газдандыру қажеттілігі туындап, жобалау жұмыстары жүргізілуде, – дейді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов.

Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбырын салу жобасы Президенттің тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың облысқа сапары барысында былтыр басталған. Қазір осы бағытта 306 шақырым газ құбыры төселіп, 6 газ бөлу стансысының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

– «Qazaqgaz» Ұттық компаниясы Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбыры жобасына ерекше назар аударып отыр. Жалпы, ҚР Ұлттық банктің қолдауының арқасында аталмыш жобаға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінді. Сондықтан елдегі маңызды әрі ауқымды жобалардың бірі. Жоба 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Талдықорғаннан Үшаралға дейінгі 306 шақырым магистральді газ құбырын тарту жұмысы толық аяқталды. Қазір келесі кезеңдегі 6 газ тарату стансысын салу жұмысы жүргізілуде. Сосын барып елді мекендерге газ тарату жұмысы басталады, – дейді «Qazaqgaz» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жәркешев.

Осы жоба аяқталғанда 66 елді мекен газға қосылып, 124 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Қазір жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді табиғи газға қосуға керекті жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде.

Бәріңізге белгілі, қашықтығы 265 шақырымды құрайтын Талдықорған – Алматы магистральді газ құбырын тарту жұмысы 5 жыл бойы жүргізілді. Ал 306 шақырым Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбырын тарту жобасы 2026 жылдың желтоқсан айында бітуге тиіс. Нәтижесінде, қарқынды жұмыстың арқасында биыл тамыз айында осы бағыттағы елді мекендерге газ беріле бастайды. Демек, жоспар бір жарым жылға ерте орындалып отыр. Оның себебін құрылыс басында жүрген мамандардан сұрдық:

– Қазіргі таңда Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбырын тартуға 150-ге жуық арнайы техника, 350-ден астам жұмысшы-мамандар жұмылдырылды. Былтыр жұмыс басталғаннан бері жұмысшылар қыстың қақаған аязына, көктем мен күздің үскірік желіне, жаздың шіліңгір ыстығына қарамай күндіз-түні бір тынбай жұмыс істеді. Мердігер «Asia Caspian Construction» ЖШС мұндай жобаны жүргізуде тәжірибесі мол отандық компания, ал құрал-жабдықтарды «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС дер кезінде қамтамасыз етіп отырғандықтан жоспарды уақытынан бұрын орындауға мүмкіндік берді, – дейді «OMG-Алматы» филиалының директоры Руслан Сүйіндіков.

Жалпы Талдықорғаннан Үшаралға дейінгі елді мекендерге көгілдір отынды тоқтаусыз беру үшін Талдықорған, Қапал, Жансүгіров, Сарқан, Қабанбай, Үшарал болып 6 автоматтандырылған газ бөлу стансысы салынуда. Бұл ретте «Жансүгіров», «Қапал» автоматтандырылған газ бөлу стансысындағы жұмысымен таныстық.

– «Жансүгіров» автоматтандырылған газ тарату стансысы Ақсу ауданының орталығы және елді мекендер мен «Ақсу қант зауыты» ЖШС-ін көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді. Құрылыс жұмысы наурыз айында басталған. Бүгінде блоктар толық қойылды. Енді оған газ жеткізетін құбырларды дәнекерлеп жатырмыз. Бұл нысанда 40-қа жуық адам жұмыс істеуде. Тамыз айына дейін бітіреміз, – дейді «Asia Caspian Construction» ЖШС-нің учаске бастығы Қайрат Байменов.

Қысқасы, жыл соңына қарай Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының тұрғындары көгілдір отынның қызығын көре бастайды.

Қажет АНДАС 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.