Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көрікті үйлер көп салынбақ

06.02.2025
КҮНДЕРЕК
Көрікті үйлер көп салынбақ

Кез келген мемлекеттің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыстың дамуымен тікелей байланысты. Осы ретте елімізде аталған саланың қарқыны артып, кең қанат жайып келеді.

Нәтижесінде ірі жобалар қолға алынып, сәулеті жарасқан еңселі ғимараттар бой көтеруде. Сондай-ақ, индустриалды, өнеркәсіптік кешендер мен сонадайдан көз тартатын әлеуметтік нысандар, салтанаты жарасқан сарайлар мен көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Осылайша, кезең-кезеңімен ел игілігіне беріліп, тұрғылықты халықтың қуанышын еселете түсуде. Осындай ілкімді істердің арқасында шаһарлардың келбеті өзгеріп, ауылдардың ажары айшықталып келеді. Әрине, сәулеті жарасқан нысандар кім-кімнің де таңдайын қаққызып, қызығушылығын тудыратыны рас.

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы да жыл өткен сайын көркейіп, алыстан менмұндалайтын әсем нысандарының көбеюімен ерекшеленіп келеді. Жасыл желекпен көмкерілген орталықтың тамаша табиғаты мен шаһар сәніне айналған ғажайып ғимараттар, тарихтан сыр шертетін алып ескерткіштер де көңілге айрықша әсер қалдырады. Қайта өмірге келгендей жасарып, жаңарған шаһарда әлі де заман талабына сай көрікті мекемелер тұрғызылып, жаңа ғимараттармен толыға түсуде. Бірінен соң бірі бой көтеріп, өзгешелігімен алыстан көз тартатын жаңа үйлерге қол жеткізу – әркімнің арманы.

Қалай десек те жұрттың қуанышына айналған таңғажайып кешендер мен көкпен таласқан көрікті үйлердің көптеп салынуына қыстың суығы, жаздың аптап ыстығына қарамастан тер төгіп жүрген құрыш қолды құрылысшылардың сіңіріп жатқан еңбегі ерен. Олар да білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуіне барынша тырысып, үлес қосып келеді.

Ал биыл бұл үрдіс облыста қалай жалғасады? Әр өңірде, облыс орталығында тағы қандай үйлер салынып, қолданысқа беріледі? Осыған байланысты облыстық құрылыс басқармасы берген мәліметке назар аударып көрейік. Белгілі болғандай, осы жылы 298 нысанның құрылысы жүріп, жыл соңына дейін оның 266-сы аяқталып, пайдалануға берілмек. Атап айтқанда, биыл барлығы 375,0 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделген, оның 92,2 мың шаршы метрі бюджет қаражаты есебінен бой көтеріп, соның ішінде 36,7 мың шаршы метрі жалға берілетін, 55,5 мың шаршы метрі несиелік баспана болмақ. Ал «Самұрық-Қазына» АҚ есебінен 22,7 мың шаршы метр, жеке құрылыс салушылар есебінен 54,3 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 205,8 мың шаршы метр үй тұрғызылмақ.

Қазіргі таңда бюджет қаражаты есебінен 115,3 мың шаршы метр немесе 1472 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мәселен, 140 үйдің 107-сі жеке, қалғаны көпқабатты баспана болады. Оның ішінде ауданы 92,2 мың шаршы метрді құрайтын 1204 пәтерлі 133 тұрғын үй ел игілігіне беріледі деп күтіліп отыр. Ал оның 107-сі жеке, қалғаны көпқабатты, оның ішінде ауданы 55,5 мың шаршы метр немесе 727 пәтерге арналған 17 үй несиелік баспана.

Мәселен, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 60 пәтерлі 1 үй, Көксу ауданы Балпық би ауылында 60 пәтерлі 2 үй, Жаркент қаласында 120 пәтерлі 2 үй, Текелі қаласындағы Сейфуллин көшесі бойында 60 пәтерлі 1 үй салынуда. Мұндай құрылыс жұмыстарының қарқыны Талдықорған қаласында да жалғасып, 128 пәтерлі 5 үй, 110 пәтерлі 3 үй, 129 пәтерлі 3 үй тұрғызылуда. Сонымен бірге жалға берілетін баспаналар да ретімен бой көтеріп жатыр. Осы орайда ауданы 36,7 мың шаршы метрді құрайтын 477 пәтерлі 116 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, облыс орталығында 98 пәтерлі 3 үй, 72 пәтерлі 2 үй және 107 коттедж бой көтеруде. Ал Ақсу ауданындағы Жансүгір ауылында  60 пәтерлі 1 үй, Сарқан қаласында120 пәтерлі 2 үй, сондай-ақ, Көксу ауданы Балпық би ауылында тағы 20 пәтерлі 1 үй салынып, ел игілігіне беріледі.«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен ауданы 22,7 мың шаршы метрлік 300 пәтерге арналған 5 үй тұрғызылады. Оның ішінде Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында 60 пәтерлі 1 үй, Талдықорған қаласында 240 пәтерлі 4 үй бой көтереді.

Инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту және жайластыру жұмыстары да ретімен жүзеге асырылуда. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 30 нысанын салуға 7,3 миллиард теңге қаражат бөлінген. Осылайша, жыл соңында дейін 20 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.