Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Күткенімізге 30 жыл болды»: Жетісу облысында әлі күнге дейін жарықсыз отырған ауыл бар

17.07.2023
КҮНДЕРЕК
"Күткенімізге 30 жыл болды": Жетісу облысында әлі күнге дейін жарықсыз отырған ауыл бар
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында әлі күнге дейін жарықсыз отырған ауыл бар, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Кербұлақ ауданына қарасты Сарыбұлақ елдімекеніне тартылған электр желісі тоқсаныншы жылдары қолды болып кеткен. Содан бері тұрғындар майшам, генератор немесе баламалы қуат өндіретін құрылғыны пайдаланып келеді. 30 жыл бойы өркениеттен ажырап қалған ауылға биыл электр желісі тартыла бастады.  

Зираш Есімбекованың күн энергиясын жинайтын құрылғысы ұялы телефонды қуаттап, бір бөлмені ғана жарықтандыруға жетеді. Сондықтан ол теледидарын қоспайды, тоңазытқыш пен плитаны да пайдаланбайды. Тұтас өркениеттен қағылған тұрғын электр тоғының берілуін тағатсыздана тосып жүр. 

«Тоқ келсе цивилизация болады ғой. Телевизор қосамыз, холодильник қосамыз, сеператор қосамыз. Сиыр сауып, сүт тартып ел қатарлы ауылды жерде тұратын адам құсап сүт клегей жейміз. Әйтпесе кілегейді бүгін тартсаң ертең ашып кетеді. Сүтіңді бүгін саусаң ашып кетеді. Обал», — дейді ауыл тұрғыны Зираш Есімбекова. 

Оншақты отбасы түтінін түтетіп отырған ауылдың өзекті мәселесін кезінде шетелдіктер шешпек болған. 

24.kz сайтының мәліметінше, 2011 жылы елдімекенге оңтүстік кореялық компания күн электр станциясын тарту еткен. Сол кезде ол мемлекет меншігіне қабылдап алынбаған. Бас иесіз нысан небәрі екі жылдай жұмыс істеп, артынша істен шықты. Соның салдарынан ауыл тұрғындары тағы да жарықсыз қалған. Жобаны жүзеге асырған компания станция жанынан ұңғыма қазып, ауылға ауызсу шығарып берген. Қуат көзін өндіретін құрылғы бұзылғалы суағардан тамшы да тамбай тұр.  

«Мына құдықтан су ішеміз. Мына құдықтан мал да, адам да, ит те ішеді. Насосты қосып, екі колонка бар, соны жасау керек. Аудандық әкімдік жарықтандыру жұмыстарына 220 миллион теңгеден аса қаражат бөлді», — дейді ауыл тұрғыны Абдул Хуншиев. 

Тендерді жеңіп алған мердігер мекеме электр желісін ауылға дейін жеткізіп, қазір үйді үйге тоқ тартып жатыр.  

«Жарық күткенімізге отыз жыл болды. Құдайға тәубә, жарық келді. Енді жақсылық қуаныш болсын деп жатырмыз ғой. Рақмет айтамыз», — дейді ауыл тұрғыны Абдолла Көлбаев

Сарыбұлақ пен іргелес жатқан Қазынсу мен Шилісу ауылдарына да көше шамдары орнатылып жатыр. Және кірме жолға жаңадан асфальт төселіп, төрт елді мекеннің көлік қатынасы жақсара түсті.

«Биыл 15 шілдеде жұмыстар толықтай аяқталу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар, мердігер тарапынан 15 тірек орнату көше шамдарын орнату жоспарланып жатыр. Жұмыстар толық аяқталғанда электр желісін береміз. Электр желісімен қатар ауыз су жүйесін ұңғымадағы насосты іске қосып беруді жоспарлап отырмыз. Сол кезде тұрғындар ауызсумен электр желісімен қамтылады», — деді аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Абылай Орынтай.

 

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық дәуірдің құқықтық негізі

Цифрлық дәуірдің құқықтық негізі

18.07.2026
Қабанбай – Лепсі жолы жөнделуде

Қабанбай – Лепсі жолы жөнделуде

18.07.2026
Аңшылық маусым басталды

Аңшылық маусым басталды

18.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Өркениетті қоғамның бастауы

18.07.2026
Көмір жеткілікті

Көмір жеткілікті

18.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.