Талдықорған: +29°C
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Күрмеуі шешілген мәселелер

27.08.2026
КҮНДЕРЕК
Күрмеуі шешілген мәселелер
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бейбіт Исабаев Сарыөзек ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бірқатар нысанның жұмысына өз бағасын беріп, баспана, жол, ауызсу және емхана құрылысы бойынша жанданған істің барысын бағамдап, жауапты мамандарға арнайы тапсырма жүктеді.

Алдымен облыс басшысы Сарыөзек ауылында салынып жатқан 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысымен танысты. Пәтерлерді аралап көріп, жұмыс қарқынын жеделдетуді, келісілген мерзімде сапалы ұсынуды тапсырды.

Бүгінде 80 пайызға жұмысы аяқталған тұрғын үй Сарыөзек ауылындағы апатты деп танылған тұрғын үйлердің орнына салынып жатыр. Аталған баспана қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Бұл ретте Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Сары-өзек ауылында апатты деп танылған 28 үй болған. Баспанамен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдан бері ауқымды жұмыс ат­қарылған. Нәтижесінде 2024 жылы бұл санаттағы азаматтарға 60 пәтерлі 1 үй берілсе, былтыр дәл осындай екін­ші үйдің құрылысы аяқталған. Ал бүгінде 60 пәтерлі 5 қабатты бір үй толғымен пәтер иелерін күтіп тұрса, тағы бір 60 пәтерлі баспананың құрылыс жұмысы күздің алғашқы айында толғымен аяқталмақ.

Облыс басшысы өз кезегінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-7 шақырым учаскесімен танысты. Аталған жұмыс бүгінде толғымен аяқталған. Бұған қоса кербұлақтықтардың сан жылдан бергі асыл арманына айналған ауызсу мәселесі биыл жүйелі жұмыстың арқасында толғымен аяқталуға жақын екенін айта кеткен жөн. Бұл орайда аймақ басшысы Сарыөзек ауылының ауызсуымен қамтамасыз ету жүйелерін салу және жаңғыртудың 5-ші кезеңі аясында атқарылған жұмыстармен танысты.

Аталған кезең бойынша ауызсу желілерін тарту, құбырларды жаңғырту жұмысын «Сапа құрылыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, жалпы жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Жоспар бойынша 2932 абоненттің 2414-і ауызсудың игілігін көруде. Қалған жұмыстар аз уақытта толыққанды аяқталмақ.

Көптің көңілін алаңдатқан мәселесі болған ауызсу мәселесі өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы осымен толыққанды шешімін табатын болады. Құбырлардың жарылуы салдарынан жалпы ауыл ауызсу зардабын тартып келсе, енді ақау кеткен жерді ғана тоқтатып қойып, оны аз уақытта қалыпқа келтіруге мүмкіндік туындады, – дейді жауапты мамандар.

Бұл орайда облыс басшысы әрбір істің сапалы, тиянақты орындалуын әрі аталған жұмыс белгіленген мерзімінде бітуін қадап айтты.

Күреңбел топырағындағы тағы бір келелі іс – «Кербұлақ орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК ғимаратын қалпына келтіру және сейсмикалық күшейту жұмыстары. Аталған жұмыс та толыққанды аяқталуға жақын. Бүгінде жалпы алғанда 97 пайыз бітті десек, тек абаттандыру, құрылғыларды орнату жұмысы қалған.

Сонау 1986 жылдан бері күрделі жөндеу жұмысын көрмеген орталық ауруханамыз бүгінде көз тартар келбетке ие. Былтыр қазан айында бастау алған қалпына келтіру және сейсмикалық күшейту жұмысы үшін аудандағы бүкіл ақ халатты абзал жандар атынан облыс басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Мұнда заманауи құрылғылар, ота жасау блогы, қарқынды терапия бар, оған қоса заман талабына сай жаңа технологияларға қол жеткізіп отырмыз, – деп атап өтті Кербұлақ аудандық ауруханасының директоры Жанетта Нұрманбетова.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер талдықорғандықтарды емдеп, шеберлік сабағын өткізді

Елордалық дәрігерлер талдықорғандықтарды емдеп, шеберлік сабағын өткізді

27.08.2026
Сын сағатта сүрінбеген

Сын сағатта сүрінбеген

27.08.2026
Декларациялаудағы өзгерістер. Кім қалай тапсырады?

Декларациялаудағы өзгерістер. Кім қалай тапсырады?

27.08.2026
Ілияс пен Мәкей

Ілияс пен Мәкей

27.08.2026
Күрмеуі шешілген мәселелер

Күрмеуі шешілген мәселелер

27.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.