Талдықорған: +21°C
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Дәрігер болып қызмет атқарған әр күнім – мағыналы» – кардиолог Нұрлығайын Баймұханбетқызы

05.01.2025
КҮНДЕРЕК
«Дәрігер болып қызмет атқарған әр күнім – мағыналы» – кардиолог Нұрлығайын Баймұханбетқызы
WhatsAppTelegramFacebook

Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің құрметті дәрігері, білікті терапевт, кәсіби кардиолог маман Нұрлығайын Баймұханбетқызы көктемнің шұғылалы шағында жетпістің бел-белесіне шықты.

Еңбек жолында мамандығын мақтанышына балап, ізденісі мен кәсіби қабілетін, адами құндылықтары мен кісілік келбетінің көрінісін еш кірлетпеген құрметті ана, кәсіби маманымызды арнайы құттықтадық. Қуанышты күн, ажарлы сағат барысында біз де тілдесуді, өнегелі өмір жолы хақында әсерлі әңгіме, толымды кеңес құруды жөн көрдік.

– Армысыз, маман Нұрлығайын Баймұханбетқызы! Мерей-мәртебеңізді сәулелендіріп, биік болмысыңызды ерекшелеген мерейтойыңыз құтты болсын! Жұлдызыңыз дәйім жоғары болсын! Кәсіби дәрігердің туған жер, өскен өңірі жайлы сұрасақ?..

– Мен Шығыс Қазақстан өлкесінің табиғаты тұмса, ну орманы көркем, арқырап аққан өзендері аса мөлдір Күршім ауданы, Балықшы деген ауылда туғанмын. Ауылымыз Зайсан көлінің жағасында орналасқан. Тұрғындардың барлығы дерлік балық аулаумен шұғылданады. Қарапайым отбасында дүниеге келдім. Бала кезден есепке жүйрік болып, мектеп жылдары математика пәнін аса ерекше ықыласпен оқыдым. Оқуды аяқтаған жылдары медицина мамандығына махаббатым оянды. Сол сезімнің күшімен Семей медициналық институтына түсіп, ұлы ұстаздарымнан тәлім алдым.

– Алғашқы еңбек жолыңыз қалай басталды?

– Алғашқы еңбек жолымды өңірдегі Самара ауданында терапевт дәрігер ретінде бастадым. Бес жылға жуық қызмет атқарып, жақсы тәжірибе жинадым. Кейіннен біліктілігімді тағы шыңдау мақсатында Қазақ ғылыми зерттеу институтында екі жылдық клиникалық ординатураны тәмамдадым. Кәсіби ұшқырлығымды шыңдай отырып, жүрек сырын тереңінен ұғынатын кардиолог мамандығын меңгердім. Бұл – 1985 жыл еді. Маман ретіндегі қызметім аталмыш зерттеу институтта жалғасты. Жылдар бойы дәрігерліктің күрделілігі мен жаныңа жылулық сыйлар мол игілігі мені биік белестерге жетеледі. Кейіннен, 1994 жылы, Алматы медициналық институтында ұстаздық қызмет атқарып, алтыншы-жетінші курс студенттеріне дәріс оқыдым. Бұл менің кәсіби тұрғыдан толысқан, ілім мен білімнің кеніне кеңінен бойлаған ең бір берекелі шақтарым болды. Дәріс оқу ғана емес, «клиникалық кардиология» бойынша жүректің жедел-коронарлы жетіспеушілігін қарастыратын бөлімде бірнеше жыл қызмет атқардым. Адам бітіміндегі жұдырықтай ғана жұмыр еттің сыры мен сынына іс жүзінде қанығып, өз соғысынан жаңылмауына жәрдемдесуді басты мақсат тұттым.

– Дәрігерлігіңіз бен ұстаздығыңыз қатар көрініс тапқан еңбек жолыңыз бізді қуантты. Сіздіңше, заман талабына сай дәрігер маманы қандай болу қажет?

– Дәрігерге қашан да қойылатын талап күшті. Болдым-толдым деуге келмейді. Ұдайы ізденісте жүріп, біліміңді, білігіңді шыңдап отыру қажет. Сондықтан, Мәскеуден, Ташкеннен біліктілікті арттыру бойынша бірқатар курстардан өттім. Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, вебинарларға тұрақты түрде қатысып, әріптестермен ұдайы түрде кардиологиялық инновацияларды, медицина саласындағы ғаламдық ашылулар мен зерттеулерді сараптап отырамыз. Қазіргі интернеттің дамыған, ақпараттық қоғамның қалыптасқан заманында онлайн кездесуден қашпаймын. «Оқимын, ізденемін» деген жанға жақсы мүмкіндіктермен қауышуға болады. Мәселен, былтыр Петербор қаласында функционалды диагностикаға қатысты бір айлық курс алдым. Ұдайы ізденіс – сенің кәсіби, білікті дәрігер ретіндегі тұлғалық дамуыңның басты кілті.

– Осы орайда, сізді табысты дәрігерлік даңғылға қарай жетелеген өз ұстаздарыңыз жайлы айтсаңыз?

– Еңбек жолын алғаш бастаған кездегі ұлы ұстаздарымның қолдауы еш есімнен кетпейді. Сол кездегі София Натановна, Анатолий Кирилович деген тамаша жетекші-әріптестерім болды. Ұстанымы мығым ұстаздарым көп құндылықтарды ұғындырып, тұлға ретінде жетілдірді. Кейіннен кардиология бағытына бет бұрғанымда есімі елге танылған Орылғалы Әдебаевпен әріптес болдық. Ол кісі институтта кафедра меңгеруші болды. Семейде оқыған жылдары да бізге дәріс берді. Ағамыздан көп нәрсені үйрендім. Даулетбакова Марьям Ильясовна деген ұстазым да ірі ғалым еді. Еңбек жолымның тармағы осындай ұлы жандардың өнегелі өмірімен түйіскеніне қашан да разымын. Мен кәсіби қызметте жолы болған жанмын.

– Сіздің ұғымыңызда дәрігер маманын ерекшелейтін басты қасиет қандай?

– Дәрігер болу үшін ең басты қажет қасиет – жауапкершілік. Cаналы жаратылыс иесінің ең жоғарғы құндылығы денсаулық екенін ескерсек, дәрігерге артылар жүктің жеңіл емес екендігін бажайлаймыз. Сол себептен де, дәрігер ұдайы білімін шыңдап, дамудың даңғыл жолында жүруі тиіс. Дәрігерлік – өмір бойы оқуды қажетсінетін мамандық.

– Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық госпитальде кіл мықтылар қызмет етеді. Медициналық мекемеге қай жылдары келдіңіз?

– Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық госпитальдегі қызметіме 2020 жылдан бастап кірістім. Жанға жайлы, төңірегіне тұтас мейірім тұрған мекен. Ковид-19 індеті басталған кездегі кезең есімнен еш кетпейді. Әсіресе, алғашқы вирус тараған кездердегі дүрбелеңді ескермеу мүмкін емес. Бұрын-соңды болмаған беймәлім індеттің ағыны, салдары, зардаптары, емдеу және диагностика әдістері толық белгілі болмады. Бірте-бірте жағдайды зерделей отырып, әлемдік әріптестермен кеңесе, тәжірибе алмаса отырып қана індетті ауыздықтауға тура келді. Жүрегі сыр беріп, кардиология бойынша созылмалы ауруларға душар болған емделушілердегі ковид сипаты да біраз өзгеше еді. Қосымша қажыр-қайратпен, ізденіспен, ақыл мен ой еңбегін ширату арқылы бұл белесті де абыроймен өткердік деп білемін. Мен үшін дәрігер ретінде таңымды атырып, кешімді батырған әрбір күн мағыналы. Себебі менің ұғымымда қастерлі мамандығым – мәңгілік мақтаныш, асқан абырой.

– Келелі кеңес, кенен әңгімеңізге асқан алғысымызды білдіреміз! Жұлдызыңыз жоғары, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! 

Дастан Қастай

Қатысты жаңалықтар

Жастар – ел ертеңінің жарқын келбеті

Жастар – ел ертеңінің жарқын келбеті

11.08.2026
Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

11.08.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Ел дамуының жаңа белесі

11.08.2026
Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы

Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы

11.08.2026
Құжат рәсімдеуде нені ескеру қажет?

Құжат рәсімдеуде нені ескеру қажет?

11.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.