«Lazur Alakol» жай ғана орын емес. Бұл үлкен арманның шындыққа айналған көрінісі.
Бір кездері Алакөл көлі жағасында туристер сирек кездесетін. Осыны байқаған кәсіпкер Мұрат Бүкіров 2017 жылы бұл жерді жайлы демалыс аймағына айналдыра білді. Алдымен ол көпшілікке жайлылық сыйлайтын орта қалыптастыруды ойлады. Сөйтіп, «Lazur Alakol» отбасылық демалыс аймағы пайда болды. Онда адамның жақсы тынығуына қажет жағдайдың бәрі қарастырылған. Қазіргі таңда нәтижесі ойдағыдай.
Демалыс нысанының таза бөлмелері мен дәмді тағамдары, сыпайылық таныта білетін қызметкерлері көңілге қуаныш сыйлайды. Одан бөлек, «Lazur Alakol» жыл сайын кеңейіп келеді. Оған жаңа ғимараттардың салынып, инфрақұрылымның жақсарғаны дәлел. Тіпті, балалар ойнайтын алаңдар мен ойын-сауық орындары, қонақтарға арналған трансфер пайда болды.
Кәсіпкер демалыс аймағының дамуына ерекше мән беріп, қызмет көрсету сапасын бақылайды. Сондай-ақ, қонақтар да бір-бірінің көңілін көтеріп, өздеріне жақсы шабыт алады. Шомылу маусымы қызған шақта демалыс аймағы күніне жүздеген демалушыны қабылдайды. Бұл Алакөлдегі табысты әрі тұрақты турбизнестің үлгісі іспеттес.
Осындай керемет орынды кеңейту үшін компания «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан жылдық 12,6% несие алады. Жаз айында бұл жерге еліміздің әр аймағынан, тіпті шет мемлекеттерден де туристер келіп, тынығып қайтады.
А. ЫБЫРАЙ
Алакөл ауданы





