Талдықорған: +35°C
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Лепсіден Балқаш көліне дейін су, жарық және кәріз желілері тартылуда

17.06.2026
КҮНДЕРЕК
Лепсіден Балқаш көліне дейін су, жарық және кәріз желілері тартылуда

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Балқаш көлінің жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Биыл жағалауда үш коммуналдық қоғамдық жағажай салынады, оның екеуін осы жазғы маусымда пайдалануға беру жоспарланған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір мезетте шамамен үш мың адам демала алатын алғашқы жағажай шілде айында ашылады. Ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапарында танысты. Мердігер ұйым өкілдерімен құрылыс барысын талқылаған өңір басшысы бұл жобаның жүзеге асырылуы көл жағалауындағы туризмді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі екенін атап өтті.

Бейбіт Исабаев Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Балқаш көлінің жағалауында бірқатар шаралар қабылданғанын жеткізді. Оның айтуынша, алдымен бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген. Одан кейін көлге көлікпен жетуге жағдай жасау мен жағалау инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелер шешіліп, коммуналдық жағажайлардың құрылысы қолға алынған. Қазіргі кезде жоспарланған үш жағажайдың біріншісі шілде айының алғашқы онкүндігінде, екіншісі тамыз айында пайдалануға берілмек. Үшінші жағажайдың құрылысы биыл басталып, келесі жылдың шомылу маусымына дейін аяқталады. Бұл нысандар халық үшін қолжетімді, жайлы әрі қауіпсіз демалысты ұйымдастыру мақсатында бой көтеруде.

Аталған жобаны табысты жүзеге асыру үшін көлге дейінгі 137 шақырым жол қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жол бойында санитарлық тораптар, демалыс орындары мен қоқыс контейнерлері орналастырылуда. Сондай-ақ кондиционермен және сумен жабдықталған бірнеше жылы санитарлық торап салу жоспарланған. Лепсі ауылына кіреберісте 10-нан астам көлікке арналған тұрақ алаңы ұйымдастырылып, ана мен бала бөлмесі бар жылы дәретхана құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар ұзындығы 9,3 шақырым болатын жағалау бойындағы автожолдың құрылысы аяқталуға жақын. Лепсі ауылынан көл жағалауына дейін 32 шақырым су құбыры, 49 шақырым электр желісі және 16 шақырым кәріз жүйесі тартылып, кәріз-тазарту құрылысы салынуда. Жағалаудың санитарлық жағдайын жақсарту үшін «Балқаш Тазалық» коммуналдық кәсіпорны құрылды.

Жалпы аумағы шамамен 7 гектарды құрайтын алғашқы қоғамдық жағажайда 500 автокөлікке арналған тұрақ, футбол, волейбол, воркаут және балалар ойын алаңдары, беседкалар, душ кабиналары, киім ауыстыратын орындар, күнқағарлар мен шезлонгтар, құтқару мұнарасы орналастырылады. Сондай-ақ арнайы фуд-аймақ қарастырылып, полиция, төтенше жағдайлар қызметінің бекеттері, медициналық пункт және ана мен бала бөлмесі жұмыс істейтін әкімшілік ғимарат салынады. Өңір басшысы алдағы 3-5 жыл ішінде Балқаш көлінің жағалауында Алакөлден кем түспейтін, ретсіз құрылысқа жол берілмейтін қолайлы демалыс жағдайлары жасалатынын айтты.

Балқаш жағалауындағы игі бастамаларға қатысты демалушылар да оң пікір білдіруде. Талдықорғандық тұрғын Абылай Махмет жол сапасының жақсарғанын, көлге небәрі бір жарым сағатта жеткендерін айтып, инфрақұрылымның дамып жатқанына қуанышын білдірді. Сарқан ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыстар қазірдің өзінде мультипликативтік әсер беріп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, тіпті Лепсі ауылында жеке инвестордың қаржысына алғашқы қонақүй салынып жатыр. Қазіргі таңда маусым кезінде көл жағалауында 50 мыңнан астам адам демалса, жоспарланған жобалар толық іске асқаннан кейін мұнда жыл сайын 450 мыңнан астам адамды қабылдауға мүмкіндік туады.

Қатысты жаңалықтар

Лепсіден Балқаш көліне дейін су, жарық және кәріз желілері тартылуда

Лепсіден Балқаш көліне дейін су, жарық және кәріз желілері тартылуда

17.06.2026
Қазақстан Париждегі ЭЫДҰ-ның «жасыл» саясат жиынында баяндама жасады

Қазақстан Париждегі ЭЫДҰ-ның «жасыл» саясат жиынында баяндама жасады

17.06.2026
Қазақстан мен Чехия полициясы азаматтардың жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды

Қазақстан мен Чехия полициясы азаматтардың жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды

17.06.2026
ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда

ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда

17.06.2026
Жасанды интеллект әзірлеген вакцина алғаш рет адамдарға сыналды

Жасанды интеллект әзірлеген вакцина алғаш рет адамдарға сыналды

17.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.