Талдықорған: +39°C
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӨЛКЕСІН ТАНЫМАҒАННЫҢ ӨРЕСІ АЛАСА

19.01.2025
КҮНДЕРЕК
ӨЛКЕСІН ТАНЫМАҒАННЫҢ ӨРЕСІ АЛАСА
WhatsAppTelegramFacebook

Кіндік қан тамған топырақтың өзіндік киесі, күш-құдіреті адам бойына даритыны анық. Көрінбейтін тамырлар арқылы адам туған жерімен байланысып, қуат алып тұратыны шындыққа әбден жанасады. Туған жерін танымаған бала, туған елін қайдан танысын?! Оның қазығы болып қағылам, туы болып тігілем деген ой түйсігінен қалай орын алсын, өніп отырған өлкесі жөнінде миында танымы болмаса?! Осы ретте өңірлерде өткізіліп жүрген «Өлкетану» пәнінің жай-жапсары жөнінде зерттеу жүргізіп көрдік. Көңіл көншітеді деп айта алмас едік.

Көшеде кетіп бара жатқан оқушыларды тоқтатып: «Қазіргі Жетісу өңірінен шыққан қандай ақындарды, жазушыларды, батыр-билерді білесіңдер? Облыс не үшін «Жетісу» аталған? Осы аймақтағы жеті өзеннің атауын атап берші?» – деген сауал қойып көрген едік. Білмейтіндер көп болып шықты. Жиырма жасөспірімнің үшеуі әрең дегенде әрненің басын бір шалып жауап берді. Жарайды, қала баласы ғой деп кешірейін десең, «Мектепте бұларға «Өлкетану» пәнін оқытпайтын ба еді?» деген сұрақ тағы туындады. Ең алдымен: «Білім ошақтарында «Өлкетануға» байланысты қандай оқулықтар бар?» деген ой мазалады. Бұл жөнінде мұғалімдердің де жауабы әртүрлі.

Зерттеу барысында «Өлкетану» пәнін оқытуда кейбір аудандарда әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі және оқытушылардың дайындық деңгейінің әртүрлілігін анықтадық. Бұл мәселелерді шешу үшін білім беру мекемелерінде өлкетану жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру және оқытушылардың біліктілігін арттыру маңызды екенін ұқтық.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміз мектептерінде 5, 6, 7-сынып оқушыларына арналған ««Өлкетану»» оқулығы енгізілген. «Алматыкітап» баспасында өткен кездесуде мамандар жаңа оқулықпен таныстырып, басты ерекшеліктеріне тоқталған еді. Алайда ол кітап кейбір ауыл, аудандарда жоқ болып шықты.

– Әуелгі бағдарламаларда ««Өлкетану»» факультатив сабақ ретінде өткізілетін. Сабақтың қысқаруына, бағдарламадағы өзгерістерге байланысты ол түсіп қалды. Бұл пәнге деген қажеттіліктің аздығынан, болмау себебінен десек те болады. Мемлекет тарапынан бекітілген стандартқа сәйкес сабақтың сағаты да азайды. Бірақ, бұл күні өлкетану сабағы өңірдегі барлық мектепте оқытылып жатыр, – дейді облыстық әдістемелік орталықтың  «География», «Өлкетану», «Жаратылыстану» пәндерінің жауапты әдіскері Ғалымжан Диханбаев.

Облыстық білім басқармасындағы мамандарға хабарласып, ауыл, аудан, қала мектептерінің басшыларының ұялы телефон нөмірлерін алып, сол арқылы байланысып, «Өлкетану» пәні жөнінде сұрастырдық. Кейбір білім мекемелерінде бұл пән оқытылса енді бірінде мүлде оқытылмайтыны белгілі болды. Бұрындары аталған пәнге оқу орындарында 34 сағат бөлінетін еді, осы күні сағат саны айтарлықтай қысқарып қалған.

«Өлкетану сабағы өңірдегі барлық мектепте оқытылып жатыр» деген әдіскер сөзіне сеніңкіремедік. Оған дәйегіміз де жоқ емес. Текелідегі №6 орта мектептің директоры Лаура Байсұлтанова мен Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектептің басшысы Ләззат Испанова да аталған сабақтың бірнеше жыл бұрын оқытылып, қазіргі уақытта мүлде оқытылмайтынын айтып өтті.

Ал Көксу ауданындағы Алғабас орта мектебінің директоры Дархан Асханбаев пен Ақсу ауданындағы Сағакүрес орта мектебінің басшысы Марал Ғазизова «Өлкетану» сабағы «Тарих», «География» пәндеріне кіріктіріліп, жылына 4 рет қана өтілетінін жеткізді.

– «Өлкетану» пәні тоқсанына 1 рет, 1 сағаттан өткізіледі. 5-6-сыныпқа арнайы бір оқулық шығарылған. Яғни, онда тақырыптар бөлініп-бөлініп берілген. Жылына 4 сабақ негізінде аздық етеді. Бұл пәнді қосымша курс, факультатив ретінде енгізсе деген іштей тілегіміз бар. Оған барлық тарихшылар да қосылады деген ойдамын. Бүгінгі күні жастар өлкеміздегі ұлы тұлғаларды, қойнауына тарихты бүркеп жатқан киелі жерлерімізді, көрікті орындардың атауларын білмейді. Өз өлкесі жөнінде ғылыми жобалар жазғысы келетін балалар көп, міне, солар жергілікті жердің қыр-сырына қанығып өспегендіктен зерттеліп кеткен мәселелердің төңірегінен айналшықтап шықпай жүреді. Жылына бөлінген 4 сағатта оқушылардың миына бәрін сыйдырып, жан-жақты білім сіңіру кім-кімге де қиын соғатыны анық, – дейді Өтенай ауылындағы №21 орта мектептегі «Тарих» пәнінің мұғалімі Әсел Қожабекова.

«Өлкетану» пәнін мектептерде география, тарих, әдебиет, ән-күй сабағының мұғалімдері өткізеді. Оған арнайы бекітілген маман жоқ. Ел аузында «кейбір оқу орындары жылына өтетін 4 сабақты да өткізбейді, оқушыларды ойнатып жібере салады» деген әңгіме шыққан еді. Жауапты әдіскер Ғалымжан Диханбаев бұған келіспейтінін айтады.

– Біз соңғы жылдары «Өлкетануға» баса назар аударып отырмыз. Арнайы оқулық құрастырылып, таратылды. Өзіміздің тарихымызды, шежіремізді бала бойына сіңіруге жұмыс істеудеміз, – дейді ол.

Ұстаздар қауымы мәдени мекемелерде, әсіресе мұражайларда, өлкетану сабақтарын өткізу оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға үлкен мүмкіндік беретінін айтады. Өз өңірінің мәдени және тарихи мұраларын жақын таныған баланың өресі биік болады деген пікірде. 

Жалпы бұл күні жоғары оқу орындарында да өлкетану жұмыстары жанданып келеді. Мысалы, кейбір университеттерде «Тарихи «Өлкетану»» пәні міндетті курс ретінде енгізілген. Сонымен қатар, студенттер үшін өлкетанымдық жорықтар мен практикалық жұмыстар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар студенттердің өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуіне ықпал етеді.

– «География» пәні негізгі пәнім болғандықтан осы сабақты ғана беріп жүрмін. Ал «Өлкетану» бойынша жұмыс істеп отырған жоқпын. Орта буын оқушыларға бұл пәнді жиірек өткізіп отырса жақсы болар еді. Салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді білуге, Отанымызды тануға септігі мол болмақ. Жалпы, «Жетісу өлкесін білеміз бе?» деген көкейде үлкен сауал бар. Оны осы өлкетану сабағы арқылы балаларға танытуымыз керек. Шындығын айтқанда туған жерін танымаған жастан не қайыр күтпекпіз?! Сондықтан аталған пәнге көбірек сағат бөлсе жақсы болар еді, – дейді Сарқан қаласы Абай атындағы мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Данагүл Орынбасарова.

Туған ел мен жердің қадіріне жету баршаның борышы. Оны әспеттеп ұлықтау үшін бірінші кезекте тануың қажет. Танымы жоқтың парығы мен пайымы болмасы анық. Ендеше, әрбір жасқа өскен өлкесінің ойы-қырын, тау-тасын, ұлағатты ұлыларын таныстырып жүрейік.

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: taldykorgan-online.kz

Қатысты жаңалықтар

Трансшекаралық су дипломатиясы мен жаңа жобалар

Трансшекаралық су дипломатиясы мен жаңа жобалар

13.08.2026
Ауыл тұрғындарымен  кездесті

Ауыл тұрғындарымен кездесті

13.08.2026
Жетісуда есірткі таратқан 8 адам ұсталды

Жетісуда есірткі таратқан 8 адам ұсталды

13.08.2026
Президент Трамптың шақыруымен АҚШ-қа барады

Президент Трамптың шақыруымен АҚШ-қа барады

13.08.2026
ІІМ WhatsApp аккаунтын алаяқтардан қалай қорғау керектігін айтты

Полиция ЖИ көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақ болуды ескертті

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.