Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мәжіліс автомектептерді бақылауды күшейту және eGov порталына тегін кіру мәселелерін қарайды

28 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК
Мәжіліс автомектептерді бақылауды күшейту және eGov порталына тегін кіру мәселелерін қарайды

Фото: Мәжіліс

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы өтіп, онда депутаттар халық үшін маңызы жоғары бірнеше жаңа заң жобаларын талқыға салды. Отырыстың күн тәртібіндегі ең негізгі мәселелердің бірі автомектептердің қызметіне мемлекеттік бақылауды барынша күшейту және теңгерімде қаражат таусылған кезде де eGov сияқты әлеуметтік цифрлық сервистерге тегін кіруді қамтамасыз ету болып табылады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда экология мәселелері, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай ақ халықтың көші қонына қатысты заң жобаларын қарастырды. Ал екінші оқылымда жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеуге бағытталған түзетулер талқыланды. Бұл құжат автомектептердің қызметін рұқсат беру тәртібіне көшіруді көздейді. Ендігі кезекте арнайы рұқсат алу үшін мектептерде тиісті материалдық техникалық база, оқу алаңдары, көлік құралдары және білікті оқытушылар құрамының болуы міндеттеледі. Оған қоса телекоммуникация нарығын дамыту аясында азаматтарға eGov, e-Otinish және Aitu ұлттық мессенджері сияқты маңызды қосымшаларға интернет трафик есептелмейтін тегін қолжетімділік беру нормасы қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар заң жобасы аясында байланыс жиіліктерін тиімді бөлу үшін радиожиілік спектрін пайдалану рұқсатының мерзімі бекітіліп, деректерді өңдеу орталықтары стратегиялық нысандар қатарына жатқызылатын болады. Парламентшілер бұдан бөлек машина жасауды дамыту, аңшылық шаруашылығы және жануарлар дүниесін сақтау, рейтингтік қызмет туралы түзетулерді де назарға алды. Халықаралық ынтымақтастық бағытында Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Өңірлік орталығын құру туралы келісім, сондай ақ Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекара режимі туралы құжаттар ратификациялауға ұсынылды. Мәжілістің жұмысына Астана мен Бішкек қалаларында екі елдің елшіліктері мен резиденцияларының мұқтаждықтары үшін ғимараттар мен жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға беру туралы қазақ қырғыз үкіметаралық келісімі де келіп түсті.

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

21 қараша 2026
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.