Талдықорған: +29°C
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Медтексеруден өтпесе, көлік жүргізу құқығынан айырылады: Жаңа тәртіп кімдерге қатысты?

25.08.2026
КҮНДЕРЕК
Прокуратура жол қозғалысын бақылауға алды

Фото: Kolesa.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда «Жол жүрісі туралы» заң талаптарын орындау және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа цифрлық бақылау механизмі іске қосылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Енді 65 жастан асқан азаматтар мен мүгедектігі бар жүргізушілер үшін екі жылда бір рет өтетін медициналық тексеру уақыты өтіп кетсе, көлік тізгіндеу құқығы автоматты түрде уақытша тоқтатылады.

Басты өзгеріс неде?

Шын мәнінде, 65 жастан асқан жүргізушілердің екі жыл сайын дәрігерлік тексеруден өту міндеті 2014 жылдан бері бар. Алайда бұрын инспекторлар қағаз анықтаманы қолма-қол тексере алмайтын. 25 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара біріктірілді.

Енді жүйе 073/у нысанындағы медициналық анықтаманың мерзімін автоматты түрде бақылайды. Егер мерзімі аяқталып, жаңа мәлімет түспесе, азаматтың көлік басқару құқығы автоматты түрде уақытша шектеледі. Дәрігерден өтіп, дерекқор жаңарған бойда бұл шектеу өздігінен алынады. Жүргізушілерге ХҚКО-ға немесе ІІМ-ге барып, арнайы өтініш жазудың қажеті жоқ.

Қандай дәрігерлерді қаралу қажет және ол қанша тұрады?

Медициналық тексеру үшін арнайы комиссия құрылады. Оның құрамына мына мамандар кіреді:

  • Учаскелік немесе жалпы практика дәрігері;

  • Психиатр;

  • Офтальмолог (көз дәрігері);

  • Отоларинголог (мурын, құлақ, тамақ дәрігері).

Сонымен қатар, психобелсенді заттарды тұтыну фактісін анықтау үшін биологиялық талдаулар тапсырылады. Айта кетейік, 073/у анықтамасын алу Тегін медицинлық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кірмейді. Бұл – ақылы мемлекеттік қызмет. Бағасын емханалар мен медициналық орталықтар өздері белгілейді, сондықтан аймаққа байланысты құны әртүрлі болуы мүмкін.

Құқықты тоқтату мен куәліктен айырудың айырмашылығы

Заңгерлер бұл екі ұғымды шатастырмауға кеңес береді.

  • Жүргізуші куәлігінен айыру – мас күйде көлік айдау сияқты ауыр құқық бұзушылық үшін тек сот шешімімен қолданылатын жаза.

  • Көлік басқару құқығын тоқтату – азаматтың денсаулығы көлік айдауға жарамды екені расталғанша қолданылатын уақытша қауіпсіздік шарасы.

Талапты орындамағандарға қандай айыппұл салынады?

Егер медициналық тексеруден өтпей көлік тізгіндесеңіз, полиция бұны жүргізуші куәлігісіз көлік айдаумен тең деп бағалайды (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі):

  • Алғашқы рет – 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, автомобиль айып тұрағына қойылады.

  • Бір жыл ішінде қайталанса – айыппұл көлемі 30 АЕК-ке дейін өседі.

Апат бола қалған жағдайда, сақтандыру компаниясы зардап шеккен тарапқа шығынды өтейді, бірақ кейін бұл соманы сот арқылы заңсыз көлік айдаған жүргізушінің өзінен өндіріп алады.

Ақпараттық жүйеде қате кетсе не істеу керек?

Егер сіз медициналық тексеруден уақытында өтіп, бірақ жүйеде көрінбей қалсаңыз, қолыңыздағы қағаз анықтаманы полицияға көрсетіңіз. Хаттама толтырылған жағдайда «Келіспеймін, анықтаманың түпнұсқасы бар» деп жазып, 10 күн ішінде сотқа шағымданыңыз. Сот клиникадан ресми сұрау салып, айыппұлды жояды.

Жолда жүру қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Медициналық тексеруден уақытылы өту арқылы өзіңіздің де, өзгелердің де өмірін сақтайсыз.

Қатысты жаңалықтар

Астанада оқушылардың су үнемдеу жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды

Астанада оқушылардың су үнемдеу жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды

25.08.2026
Әуе кемелерінің қозғалысына кедергі келтіргендер заң алдында жауап береді

Әуе кемелерінің қозғалысына кедергі келтіргендер заң алдында жауап береді

25.08.2026
Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

25.08.2026
Электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

Электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

25.08.2026
Әншілер 400 мың теңгеден астам айыппұл төлейді

Әншілер 400 мың теңгеден астам айыппұл төлейді

25.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.