Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандық балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ тіледі. Ол мемлекет балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра беретінін атап өтті.
– Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр, – деп жазды Президент Instagram парақшасында.





