Ақордада өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің 2024 жылғы жұмысы туралы есеп тыңдады. Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясаты, қаржы жүйесі, халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың активтері жайында ақпарат берілді.
Жиында инфляцияны төмендету, экономиканың нақты секторын кредиттеу, жаңа «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасы мен Ұлттық банктің алтын-валюта активтері талқыланды. Сондай-ақ республикалық бюджеттің орындалуы мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қаржы секторын дамыту және инфляцияны бақылау бойынша нақты шаралар қабылданатын болды.