Жаңа Конституция – еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңін айқын көрсетеді. Онда Әділетті Қазақстанның негізгі конституциялық құндылықтары нақты бекітілген. Бұл құндылықтардың негізінде – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр.
«Әділетті Қазақстан» құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидалары нығайтылды. Сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары басымдылығы нақты айқындалды.
Қазақстан Республикасы қызметінің негізін қалаушы қағидаттары қайта пайымдалып, түбегейлі түрде кеңейтілді: егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондай-ақ жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбекқорлық, прогресс пен білім құндылықтарын орнықтыру, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау басым бағыттар ретінде айқындалды.
Аталған қағидаттардың мәні терең және олар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп отыр. Әрқайсысы қоғамның сұранысын білдіріп, Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған дәйекті стратегиялық бағытты айқындайды.
Қазақстанның сыртқы саясатының негіздері өзектендірілді. Олар – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтеу, сыртқы саясатты бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында жүргізу азаматтың негізгі құқықтарының барлық санаттарының мазмұны – жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқық- тар – тиісті кепілдіктерді бекіту арқылы жаңартылды.
Жеке адамның қол сұғылмаушылығына берілетін кепілдіктер күшейтілді. Атап айтқанда, адам қадір-қасиетімен қатар ар-намысының қол сұғылмаушылығы танылды, цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау және процестік ықпал ету шараларын қолдану кезіндегі адам құқықтары қамтамасыз етіледі.
Жаңа Конституция қоғам мен мемлекеттің стратегиялық дамуының мақсаттарына сай келіп, негізгі қоғамдық-саяси институттарды түсіну және олардың даму перспективаларына қатысты заманауи концептуалды тәсілдерді қамтиды.
Жаңа Конституция қоғам мен мемлекеттің стратегиялық даму міндеттеріне жауап бере отырып, негізгі қоғамдық-саяси институттарды түсіну және олардың даму перспективаларын бағалау үшін заманауи тұжырымдамалық тәсілдерді қамтиды.
Барлық новелла адам құқықтарын толық іске асыруға және Конституцияға негізделген құқық үстемдігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Олар «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» концепциясының логикасына сай келеді.
Елдің жаңа Негізгі заңы қоғам мен мемлекет эволюциясының сапалы жаңа кезеңін бастауға берік негіз қояды.
Жандос БЕКСҰЛТАН,
облыстық Әділет департаментінің басшысы





