Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«Жанұя» орталығы: отбасыға тірек, қоғамға демеу

10 сәуір 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
«Жанұя» орталығы: отбасыға тірек, қоғамға демеу

qazaquni.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында отбасы институтын нығайту, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға кешенді көмек көрсету, отбасылық қолайсыздықтың алдын алу және мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру мақсатында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы өз қызметін жүзеге асырады.

Орталықтың қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және өзге де қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ балалардың, әйелдердің және халықтың басқа да санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Орталықтың негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға кешенді қолдау көрсету, отбасылық қолайсыздықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын жүргізу, отбасылық құндылықтарды нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Орталық келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарды анықтау;
  • кейс-менеджмент тәсілін қолдана отырып, отбасының қажеттіліктерін бағалау;
  • отбасын сүйемелдеудің жеке жоспарын әзірлеу және іске асыру;
  • әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;
  • көрсетілетін қызметті алушыларды тұрақты оң нәтижеге қол жеткізгенге дейін сүйемелдеу;
  • отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • мемлекеттік органдармен, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • отбасылық қолайсыздық пен зорлық-зомбылық жағдайларына ден қою жөніндегі мобильді топтардың жұмысына қатысу.

Орталық қызметтері тегін негізде көрсетіледі және алынған ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіледі.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары:

  • отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу;
  • мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алуға жәрдем көрсету;
  • психологиялық көмек (жеке және отбасылық консультациялар, дағдарыстық қолдау);
  • құқықтық көмек (кеңес беру, өтініштер мен арыздарды дайындау, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау);
  • әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (ата-аналарды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша консультативтік қолдау, ата-аналық құзыреттілікті арттыру);
  • оқыту семинарларын, тренингтерді және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу.

Ерекше назар отбасылық қолайсыздықтың алдын алуға, тәуекелдерді ерте анықтауға, сондай-ақ жауапты ата-аналықты қалыптастыруға және тұрақты отбасылық қатынастарды нығайтуға аударылады.

Орталықтың қызметі заңдылық, қолжетімділік, еріктілік, атаулылық, кешенділік және ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделген.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы қиын өмірлік жағдайға тап болған әрбір отбасыға уақтылы және сапалы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, олардың әлеуметтік бейімделуіне және өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдеседі.

Сұңқар Қадыров,
Талдықорған қалалық жұмыспен қамту,
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.