Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Үкіметтің баспасөз қызметінің фотосы

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының алты ауданында газ құбырлары мен газ тарату желілерін салуға 37,4 млрд теңге бағытталады. Жоба аясында 3,3 мың шақырымға жуық газ желісі тартылып, 183 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

100-ге жуық елді мекен газбен қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасы аясында Инфрақұрылымды дамыту қорынан Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарын газдандыруға қаржы бөлінген.

Жоба бойынша 3,3 мың шақырымға жуық газ желісін салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 183 мыңнан астам тұрғыны бар 100-ге жуық елді мекенді қамтиды.

Қай аудандарда құрылыс жүргізіледі?

Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы 84 елді мекенді газдандыруға 27 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл аумақта 2,7 мың шақырымға жуық тарату желісі салынады. Құрылысты 2026 жылдың соңында бастап, 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Ал Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарындағы 16 жобаны аяқтауға 10,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Жалпы ұзындығы 576 шақырым болатын газ желілерін қамтитын жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін іске асыру көзделген.

Газдандыру деңгейі 74 пайызға дейін өседі

Қазір облыста 115 елді мекен газбен қамтылған. Онда 468,5 мыңға жуық адам тұрады. Өңірдегі газдандыру деңгейі 67,4 пайызға жеткен.

Жоспарланған 16 жоба аяқталғаннан кейін газбен қамтылған елді мекендер саны 126-ға, ал табиғи газға қол жеткізген тұрғындар саны 518 мыңнан асады. Нәтижесінде облысты газдандыру деңгейі 74 пайызға дейін өсуі мүмкін.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстан бойынша газдандыру деңгейі 64,2 пайызды құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 62,4 пайыз болған. Қазір елімізде 13,1 миллион адам табиғи газды пайдаланады. Жыл соңына дейін газдандыру деңгейін 64,5 пайызға жеткізу жоспарланған.

Ал солтүстік және шығыс өңірлерді газбен қамту жобаларын жүзеге асыру арқылы 2035 жылға қарай елдегі газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Қатысты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.