Талдықорған: +28°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ ЖАНДАНАДЫ. ТӨРТЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ

03.02.2022
КҮНДЕРЕК
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ ЖАНДАНАДЫ. ТӨРТЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыру үшін 2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен екіжақты меморандумға қол қойылып, нәтижесінде, «Жетісу» — «Мемлекеттік қызмет мектебі» жұмысын бастаған еді. Бүгінде аталмыш бастама қанатын кеңге жайып, өрісі кеңіді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жобаның жандануы үшін облыстық ішкі саясат және білім басқармаларымен, сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтағы филиалымен меморандумға қол қойды.

Жаңа бағыт, жаңа талап, өзге қоғам. Мұның барлығы мемлекеттік істегі өзгерістерді талап етеді. Бәсі әсте жоғары, қызметтегі талабы тым биік саланың суығына тоңып, отына күйетіндер некен-саяқ. Олай деуге негізде жоқ емес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлованың келтірген деректеріне сүйенсек, 2021 жылы мемлекеттік қызметке тұрған 230 адамның 34-і бір жылға жетер-жетпес уақытта өз еріктерімен жұмыстан кеткен. Басты себеп — мемлекеттік қызметкерге қойылар талап.

— Мемлекеттік қызметке келіп, басқа салада жұмыс жасауды құп көріп жатады. Сондай-ақ, жалақының төмендігі және отбасылық мән-жайлар. Бұл жас кадрлардың мемлекеттік қызметшілердің иығына түсетін талаптарға, шектеулерге және жауапкершілікке дайын еместігін көрсетеді. Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, жеделділік сияқты құзыреттерге ие болуы керек, яғни, бәсекеге қабілетті болуы тиіс, — дейді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова.

Департамент басшысының атап өткен мәселелерінің шешімін табудың бір жолы — «Жетісу» — «Мемлекеттік қызмет мектебі» болып табылады. Мемлекеттік қызметке өзінің болашақ өмірі мен мансабын мемлекеттік қызметпен байланыстыратын адамдар келуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызмет — бұл жай жұмыс емес — бұл кәсіп. Сондықтан, жастар мемлекеттік қызмет мектебін бітіріп, онда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды игеріп, түсінікті саналарына түйіп келуі тиіс. Осы тұрғысында, «Жетісу» – «Мемлекеттік қызмет мектебінің» жұмысы орасан әрі үлкен маңызға ие.

Жалпы аталған жобаның жүзеге асқанына 3 жылдан асты. Осы уақытта 84 студент білім алып, оның 50%-дан астамы мемлекеттік қызметке орналасты.

Нәтижелі жұмысты одан әрі жалғастыру оңтайлы шешім. Сол себепті, уақыттың жаңа талаптарына сәйкес, енгізілген өзгерістермен департамент, Мемлекеттік қызмет академиясының филиалы, білім басқармасы және облыстың ішкі саясат басқармасы арасында төрт жақты меморандумға алдағы үш жыл бірге жұмыс жасамаққа қол қойды. Ендігі жұмыстың сипаты да өзгермек. Егер бұрын мектеп шәкірттері үшін сабақтар І.Жансүгіров атындағы университетте өткен болса, бұдан былай сабақтар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы филиалының ғимаратында өтеді, онда сапалы және тиімді сабақтарды өткізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

«Жетісу» мектебінің оқытушылар құрамы академия филиалының үздік оқытушылары мен лекторларынан құралған. Олар өз кезегінде тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметте бағын сынағысы келетінін жастарға бағыт-бағдар береді. Оқу барысы теория мен практикаға негізделеді. Академия қабырғасында білім алғандар алдағы таңда тәжірибе алмасу үшін облыстағы мемлекеттік мекемелерден іс-тәжірибеден өтеді. Бұл оларға тез бейімделуге және халыққа қызмет етуге кірісуге мүмкіндік береді.

Анар САБЫРОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

10.07.2026
Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

10.07.2026
Жолаушыны жол сынайды

Жолаушыны жол сынайды

10.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.