Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту керек деп санайды. Ол Үкімет отырысында цифрландыру арқылы қысқарту жұмыстарын жүргізу керек екенін айтты.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Qazaq.today сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Отырыста әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мемлекеттің жұмысың оңтайландыру жайында және осы саладағы цифрландыру жайлы баяндама жасады.
Премьер-министр Бектенов министр атаған тәсілдерді қолдайтынын айтты.
«Сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толық қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындарды, артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқару керек. Нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға тиесілі», — деді премьер-министр.
Фото: Ақорда





