Осыған дейін Астана қаласының 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазып, Ақорданы аралап көргісі келетінін жеткізген. Халықаралық балалар күніне орай Асылтастың тілегі орындалды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.
«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен Саяділ Асылтас Нұртасқызы 1-сыныпта оқимын. Менің туған күнім 17 мамыр. Сіздің туған күніңізбен бірге. Менің арманым Сізбен кездесу. Сіз мені Ақордаға кіргізесіз бе?», — деп жазды Асылтас Саяділ Мемлекет басшысына жазған хатында.
Нәтижесінде, оқушының арманы орындалды. Мерекеге орай «Ақорда» резиденциясына ұйымдастырылған экскурсияға Асылтас арнайы шақырылді. Өзі армандаған ғимаратты көрген хат иесі қуанышы мен рахметін жеткізді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлына көп-көп рахмет. Маған бүгінгі экскурсия ұнады. Шақырғаны үшін рахмет. Сыйлықтары ұнады. Өскенде Президенттің көмекшісі болғым келеді», — деді Асылтас.
Фото: azattyq-ruhy.kz





