Талдықорған: +17°C
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Межелі міндет айқындалды

19.05.2026
КҮНДЕРЕК
Межелі міндет айқындалды

Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Уақытылы қабылданған шаралар, қажетті қаржыландыру және жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде облыста биылғы қысқы кезең тұрақты өтті. Өңірде төтенше жағдай мен ірі технологиялық апаттар болмады. Бұл туралы қысқы кезеңнің қорытындысына арналған жиында облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев баяндады. 

– Өткен қысқы кезең бірқалыпты өтті. Уақытылы қабылданған шаралар мен тиісті қаржыландырудың арқасында төтенше жағдайларға жол берілген жоқ. Бұл – сала мамандарының жауапты еңбегінің нәтижесі, – деді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов.

Баяндамашының айтуынша, бүгінде облыста 329 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталған. Бұл көрсеткіш облыс халқының 99,9 пайызы таза сумен қамтылғанын білдіреді. Газдандыру бағытында да ілгерілеу бар. Қазіргі таңда өңір халқының 67 пайызы, яғни 467 мың адам табиғи газға қол жеткізді. Жылумен жабдықтау желілерінің 27 шақырымы жөнделіп, тозу деңгейі 50 пайыздан 45 пайызға төмендеді. Ал электрмен жабдықтау желілерінің 288,6 шақырымы жаңартылып, тозу деңгейі 89 пайыздан 78,5 пайызға дейін кеміді.

– Ең алдымен, тұрғындарды жылумен, сумен, газбен және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз еткен коммуналдық сала қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Сондай-ақ, қыс мезгілінде үздіксіз қызмет атқарған жол қызметтері, төтенше жағдай және ішкі істер органдарының еңбегі ерекше, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаевтың айтуынша, өткен жылыту маусымы да штаттық режимде өткен. Барлық нысан тұрақты бақылауда болып, күн сайын отын қоры, температуралық режим, энергетикалық нысандар мен жылу желілерінің жағдайы қадағаланған.

– Негізгі мақсат – алдағы жылыту маусымын тұрақты әрі апатсыз өткізу. Осы бағытта жылу, электр, су және газ инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, – деді Айдос Халилоллаұлы.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 15 қазандық пен 10,4 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар жылу желілерінің тозу деңгейін 42 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Талдықорған қаласында өткен жылыту маусымына дайындық барысында №1 және №3 қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5,3 шақырым жылу желісі қалпына келтірілді. Биыл №2 және №4 қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізу, 5,5 шақырым жылу желісін жөндеу және Ұлттық жоба аясында 4,9 шақырым магистральдық желіні қайта жаңғырту жоспарланған.

Текелі қаласында да жеке инвестиция арқылы жылу электр орталығын жаңғырту және кеңейту жобасы қолға алынған. Жоба аясында электр қуаттылығы 53 МВт, жылу қуаттылығы сағатына 48 Гкал болатын газтурбиналық стансы салу көзделген.

Сумен жабдықтау саласында да нақты нәтижелер бар. 2025 жылы 7 елді мекенде 198,8 шақырым су желісі қайта жаңғыртылып, желілердің тозу деңгейі 32 пайызға дейін төмендеді. Биыл 9 өтпелі нысан бойынша жұмыстар жүргізіліп, 223 шақырым су желісін жаңғырту жоспарланып отыр. Газдандыру бағытында былтыр басталған 16 өтпелі нысан бойынша құрылыс жалғасуда. Жобалар аяқталғаннан кейін газдандырылған елді мекендер саны 126-ға жетіп, 500 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылады. Жиында жол инфрақұрылымының жай-күйі де сөз болды. Облыстағы республикалық маңызы бар жолдар толықтай жөндеуден өткен. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, биыл Талдықорған – Үштөбе бағытындағы 40 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Қазір республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жағдайы жақсарды. Ендігі негізгі басымдық елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеуге беріледі, – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Қыс мезгілінде жол қызметтері, төтенше жағдай және ішкі істер органдары да күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Қолайсыз ауа райына байланысты жолдар 48 рет жабылғанымен барлық қызметтің жедел әрекет етуінің нәтижесінде 29 апаттық-құтқару жұмысы жүргізіліп, 241 адам құтқарылды.

Жалпы, 2025-2026 жылдардағы қысқы кезеңнің қорытындысы облыста коммуналдық сала, жол жүйесі және шұғыл әрекет ету қызметтерінің дайындығы тиісті деңгейде болғанын көрсетті.

Соңында қыс мезгілінде күн-түн демей еңбек етіп, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан сала мамандарына құрмет көрсетілді. Бірқатар жауапты қызметкер марапатталып, олардың ел игілігі жолындағы адал еңбегі ерекше бағаланды.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

19.05.2026
Толғақты мәселелердің күрмеуі шешілді

Толғақты мәселелердің күрмеуі шешілді

19.05.2026
Межелі міндет айқындалды

Межелі міндет айқындалды

19.05.2026
Саусақ ізі мен дауысты ұрлау: Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болыңыз!

Саусақ ізі мен дауысты ұрлау: Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болыңыз!

19.05.2026
Олжас Бектенов Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Олжас Бектенов Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

19.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.