Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«МӘҢГІ-БАҚИ ҰМЫТПАЙМЫН»: ҚЫЗЫЛАҒАШ АПАТЫНА БИЫЛ — 10 ЖЫЛ

11 наурыз 2020
КҮНДЕРЕК
"МӘҢГІ-БАҚИ ҰМЫТПАЙМЫН": ҚЫЗЫЛАҒАШ АПАТЫНА БИЫЛ - 10 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысындағы Қызылағаш апатына — 10 жыл. 2010 жылы наурыз айының 11-інен 12-не қараған түні Қызылағаш су қоймасының бөгеті жарылып, 45 адам қаза тапқан болатын.

2010 жылдың 11 наурызында Қызылағаш өзенінде орналасқан су қоймасының арнасы да толып, 42 млн текше метр су жиналады. Бөгет шыдас бермей, түнгі сағат 12-лер шамасында жарылып, қалың су өзен арнасымен ауылға қарай ағады. Жергілікті билік, тәртіп сақшылары тұрғындардың басым бөлігін ескертіп, қауіпсіз жерге шығарып үлгереді.

— Естімей қалған, қауіпті жағдайға сеніңкіремеген жандар су тасқыны кезінде шығып үлгермеді, — деп еске алады ауыл тұрғындары. Алтынгүл Бәбекейдің сол кезде аяғы ауыр еді. Апат болған кезде ай-күні жақындаған келіншек бала-шағасымен жақын жердегі тау бөктеріне әрең шығып үлгереді.

— Жылқының кісінегені, қойдың маңырағаны, ешкінің дауыстары Талдықорғанның бер жағына 15 минут ұзаған кезге дейін естіліп тұрды. Соларды мен мәңгі-бақи ұмытпаймын, — дейді Алтынгүл Бәбекей.

Апаттан аман қалып, Талдықорған қаласында босанған ана ұлының есімін ырымдап Тасқын қояды. Қазіргі таңда бала Тасқын 10 жаста. Ата-анасына қолғанат, сабағында озат. Есімінің тарихы жайында әке-шешесі мен ауылдастарынан әбден қанық бала: «Енді қайтадан ондай су апаты болмасын, еліміз тыныш, адамдар тыныш өмір сүрсін», — деп тілейді.

Қызылағаштық Жанболат Дәукен ауылдан сол кезде отбасымен 12 шақырым жердегі қыстақта мал бағып тұрып жатқан. Туыстары апат болғанын хабарлап үлгереді. Одан кейін ұялы байланыс та істен шығады. Түннің бір уағында су үйіне кіре бастаған. Шопан бала-шағасын алып, моншаның ағаштарына шығып, жан сауғалағанын айтады.

— Үйдің артында бір канал болды. Содан өткен кезде машинаның өзі көрінбей кетті судан. Ол кісілер өздері әзер шықты. Машинаға отырғанда есімізді бір-ақ жинадық. Әйтеуір жарық дүние көреді екенбіз ғой, аман қалдық, — деп сол сәттерді кеше болғандай еске алды ол.

Қызылағаштың қызыл суы сол кезде Ақтоған, Егінсу, Молалы елді-мекендеріне дейін жеткен. Жалпы 2010 жылы Алматы облысында бірнеше суқойманың жарылу қаупі төнген болатын. Ақешкі, Күрті су қоймаларының арнасы толды. Әскери құрылымдар тартылып, суқоймалардың жағасы бекітіліп, өзендерге су молырақ жіберіле бастады. Ал Қазақстан халқы ауызбірлік танытып, тұтас бір ауылды жарты жыл ішінде аяғына тұрғызды. Су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек беріліп, төрт түлік малға дейін таратылды. Ауылдың әлеуметтік нысандары қалпына келтіріліп, халық күнделікті тұрмыс-тіршілігіне оралды.

Апат куәгерлері осы бір қиын-қыстау кезеңде көмек берген отандастарына алғысы шексіз. 10 жыл өтсе де қызылағаштықтар халықтың жақсылығын ұмытпайды.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.